А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет37/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

6. Банкроттық 
Коммерциялық ҧйымдар ерікті немесе мәжбҥрлі тҥрде 
таратылуы мҥмкін. Коммерциялық ҧйымның ерікті тҥрде 
таратылуы 
заңды 
тҧлғаның 
қҧрылтайшыларының 
(қатысушыларының) немесе қҧрылтай қҧжаттарында шешім 
қабылдауға уәкілдік берілген коммерциялық ҧйымы органының 
шешімі бойынша жҥзеге асырылады. Мҧндай жағдайда 
коммерциялық 
ҧйымды 
таратудың 
Азаматтық 
кодексте 
қарастырылған негіздердің тізімі ҥлгілі болып табылады.
Олардың қатарына, кӛбінесе: коммерциялық ҧйым қҧрылған 
мерзімнің аяқталуы; коммерциялық ҧйымды қҧруға негіз болған 
мақсатқа қол жеткізілсе; коммерциялық ҧйымды тіркеуді сотпен 
заңсыз деп танылуы жатқызылады.
Коммерциялық ҧйымдарды мәжбҥрлі тҥрде тарату Азаматтық 
кодексте кӛзделген негіздер бойынша ғана сот шешімімен жҥзеге 
асырылады. Олардың қатарына: заңмен тыйым салынған 
қызметтерді жҥзеге асыру; тиісті рҧқсат алынбаған (лицензиясыз) 
қызметті жҥзеге асыру; қызметтік заңдарды немесе басқада 


91 
қҧқықтық актілерді бірнеше рет немесе ӛрескел бҧза отырып 
жҥргізу; 
коммерциялық 
ҧйымдарды 
(қазыналықтан 
кәсіпорындардан басқасы) дәрменсіз деп тану және т.б. ( ҚР АК 
49-б.) кіреді. 
Кәсіпкерлік пайда табу мҥмкіндігін болжайтын қызмет 
нысаны болып қана табылмайды, сонымен қатар оның 
қатысушыларына борыштарын ӛтей алмай қалу тәуекелінде 
қалыптастырады.
Дәрменсіз борышкер, бір жағынан несие берушілердің 
талаптарын қанағаттандыруды кешіктірсе, екінші жағынан ӛзі 
ҥшін және ҥшінші тҧлғалар ҥшін (заңды тҧлғалардың 
қатысушылары, қҧрылтайшылары ҥшін) жағымсыз салдардың 
туындауына мҥмкіндік туғызады, олардың қатарына: қарыздардың 
ӛсуі, істің (бизнестің) тоқтауы, мҥлікті басқарудан шеттетілу, сол 
мҥліктің бәрін сату және т.б. жатады. Осы аталмыш мәселелерді 
шешуде банкроттық туралы заңнаманың атқарар рӛлі жетерлік.
Банкроттық туралы заңнама қазіргі таңда Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және біртҧтас 
заңдық және заңға бағынышты актілер кешенінен тҧрады. 
Қазақсатан Республикасында банкроттық ҥрдісінің, оңалту 
процедурасын жҥргізудің, шаруашылық субъектілерін дәрменді 
немесе, керісінше, банкрот деп танудың, тарату (конкурстық) 
ӛндірісін жҥргізудің қҧқықтық базасының негізі Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексі және 1997 жылы 21 
қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 
Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жҥргізу кодексі 
және т.б. болып табылады.
Әрекет етуші заңнамаға сәйкес «банкроттық» екі қҧрамдас 
бӛліктен, 
яғни 
дәрменсіздік 
және 
тӛлем 
қабілетсіздігі 
тҥсініктерінен 
тҧрады. 
Банкроттық 
туралы 
заңнаманың 
нормаларын 
дҧрыс 
қолдану 
мақсатында 
«банкроттық», 
«дәрменсіздік», 
«тӛлем 
қабілетсіздігі» 
тҥсініктерінің 
арақатынастарын нақты анықтау қажет.
Мысалы, банкроттық туралы ресейлік заңнамаға сәйкес 
«банкроттық» және «дәрменсіздік» синоним-сӛздер болып 
табылады, яғни ақшалай міндеттемелері бойынша несие 


92 
берушілерінің 
талаптарын 
борышкердің 
толық 
кӛлемде 
қанағаттандыра алмау қабілетсіздігінің сотпен белгіленуін немесе 
борышкердің 
ӛзімен 
жариялануын 
білдіреді. 
(Ресей 
Федерациясының « Дәрменсіздік (банкроттық) туралы» Заңының 
2-б.).
Кӛптеген мемлекеттерде банкроттық қылымыстық-жазалауға 
жатқызылатын әрекет ретінде қарастырылады. Банкроттық 
тҥсінігіне 
қатысты 
осындай 
кӛзқарас 
дәстҥрлі 
болып 
танылатындығын атап ӛткен жӛн.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, банкроттық 
– борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз 
болып табылатын дәрменсіздігі (ҚР АК 52-бабы, «Банкроттық 
туралы» Заңның 1-бабы).
Банкроттықты сотпен белгілеу борышкердің мҥліктік 
жағдайын сипаттайтын бірқатар белгілердің болуын талап етеді. 
Сондай сипаттаушы белгілер ретінде дәрменсіздік және тӛлем 
қабілетсіздік қарастырылады.
«Банкроттық туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес, тӛлем 
қабілетсіздігі - борышкердің орындау мерзімі келген ақшалай 
міндеттемелерін және ӛзге де ақшалай сипаттағы талаптарды 
орындауға қабілетсіздігі ретінде қарастырылады. Егер борышкер 
міндеттемелерін орындау мерзімі келген сәттен бастап ҥш ай 
мерзім ішінде орындамайтын болса, ол тӛлем қабілетсіз деп 
саналады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тӛлем 
қабілетсіздіктің маңызы мынада, яғни дебитордың мҧндай 
жағдайы несие берушінің оны банкрот деп тану туралы сотқа 
арыздануына тек қана негіз болатындығында. Егер борышкер 
дәрменсіз деп танылса, тек сондай жағдайда ғана банкроттық 
анықталады.
Дәрменсіздік, ең біріншіден, борышкердің дағдарыстық 
жағдайының тереңірек сипатын білдіреді, яғни борышкердің несие 
берушілерінің 
ақшалай 
талаптарын 
толық 
кӛлемде 
қанағаттандырудаға абсолютті, әрі тҧрақты қабілетсіздігіне 
апарады.


93 
ҚР АК банкроттықты жҥзеге асырудың: екі тәртібін – ерікті 
және мәжбҥрлі сияқты екі тәртібін қарастырады. Ерікті 
банкроттық соттық, әрі соттық емес тәртіпте жҥргізілуі мҥмкін, ал 
мәжбҥрлі – тек соттық тәртіпте жҥргізіледі. Ерікті банкроттықты 
жҥзеге асырудың негізі борышкердің сотқа берген ӛтініші болып 
табылады, ал мәжбҥрлі банкорттықта несие берушілерді, салық 
және уәкілетті органдардың, прокурордың ӛтініші негіз болады.
«Банкроттық туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, несие 
берушінің немесе борышкердің заңды немесе жеке тҧлға болып 
табылғандығына қарамастан банкроттық туралы іс тек сотпен ғана 
қарастырылады.
Банкроттық туралы іске қатысушы тҧлғалар болып келесілер 
табылады:
- борышкер - заңдарда кӛзделген тәртіппен ӛзіне сырттай 
байқау, банкроттық рәсiмдерiнiң немесе соттан тыс тарату 
рәсімінің қолданылуына тӛлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі 
негіз болып табылатын заңды тҧлға;
-несие берушілер - еңбекке ақы тӛлеу, Мемлекеттiк 
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды тӛлеу, 
авторлық сыйақы тӛлеу, салық және бюджетке тӛленетін басқа да 
міндетті тӛлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда
борышкерге 
азаматтық-қҧқықтық 
және 
ӛзінің 
ӛзге 
де 
міндеттемелерінен туындайтын мҥліктік талаптары бар адам; 
-еңбек ҧжымының ӛкілі (борышкердің қызметкерлерінің 
ӛкілі); 
-прокурор, егер ол борышкерді банкрот деп тану туралы 
ӛтініш берсе немесе оның іске қатысуын сот қажетті деп таныса;
-борышкер мҥлкінің меншік иесі немесе ол уәкілдік берген 
орган;
- уәкілетті орган – Ҥкіметпен, жергілікті атқарушы органмен 
анықталған, банкроттық рәсімінде бюджетке және бюджеттен тыс 
қорларға міндетті тӛлемдер бойынша несие берушілердің 
мҥдделерін білдіруге уәкілетті орган;
- қала негізін қалаушы заңды тҧлғалардың банкроттығы 
туралы істерді қарастыру жағдайына сәйкес Әкімиятпен уәкілеттік 
берілген орган.


94 
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы 
Заңына сәйкес дәрменсіз (тӛлем қабілетсіз) борышкерлерге 
банкроттықтың әртҥрлі рәсімдері қолданылуы мҥмкін. Соттық 
рәсімдерге кӛбінесе, сырттай байқау, оңалту рәсімі және 
конкурстық ӛндіріс, ал соттық емеске – соттық емес тарату рәсімі 
жатады.
Шетелдердің заңнамасымен салыстырғанда, ҚР «Банкроттық 
туралы» қазіргі таңдағы заңнамасы ҥлкен дәрежеде борышкер-
кәсіпорынды әртҥрлі шараларды қолдану арқылы, сақтап қалуға 
бағытталған. Оған қол жеткізу барысында борышкердің несие 
берушілерінің мҥдделерін қорғау міндеттері шешіледі. Аталмыш 
шараларды жҥргізудің тәртібі мен шарттарын сырттай байқау 
және оңалту рәсімдері реттейді.
Сырттай байқау рәсімі. Кәсіпорын банкрот болып табылғанда 
немесе банкрот болудың кезеңінде тҧрғанда, мҥдделі тҧлғаларды 
толғандыратын басты мәселелердің бірі олардың талаптарын 
борышкердің максималды дәрежеде қанағаттандыру мҥмкіндігі 
болып табылады. Тәртіп бойынша несие берушілердің талаптарын 
қанағаттандырудың негізі қайнар кӛзі, сол уақытта жеткілікті 
дәрежеде қорғалмаған, борышкердің мҥлкі болып табылады. 
Осыған 
байланысты 
борышкердің 
қарыздарының 
ӛсуін 
болдыртпау ҥшін және оның активтерін сақтау ҥшін халықаралық 
тәжірибеде қамтамасыз ету шараларының әртҥрлі нҧсқалары 
қолданыла бастады. Солардың ішінде – борышкердің қызметі 
қадағалау, борышкерді бизнесті басқарудан шеттету, билік ету 
қҧзыретін шектеу, сыртай байқау және т.б.
Сырттай байқау-банкроттық институтында жаңа қҧбылыс 
болып табылады. Аталмыш рәсім Қазақстанның әрекет етуші 
заңнамасына 2008 жылы енгізілді.
Сырттай байқау – бҧл банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін 
енгізілетін банкрот алды соттық рәсім. Ол мҥліктің сақталуын 
қамтамасыз етуге, қаржы-шаруашылық жағдайына талдау 
жҥргізуге, несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау 
бойынша әрекеттерін (әрекетсіздігін) анықтауға, несие берушілер 
алдындағы міндеттемелерін орындау жағдайларына, әдейі және 
жалған банкроттық белгілерін анықтауға бағытталған. Сырттай 


95 
байқау - оңалту сияқты тӛлем қабілеттілігі тӛмен ҧйымдардың 
қаржы-экономикалық сауықтыруына, әлеуметтік қысымшылықты 
шешуге, жҧмыс орындарын сақтап қалу мен банкроттықты 
болдырмауға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралардың бірі 
болып табылады. 
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 
сырттай байқауды – «борышкер мҥлкінің сақталуын қамтамасыз 
ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, 
борышкердің қаржылық жай-кҥйіне, сондай-ақ кредиторлар 
алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жӛніндегі 
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жҥргізу, кредиторлар 
тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-
кҥйіне, олардың қайта ҧйымдастыру жҥргізуіне бақылау жасау, 
негізгі қҧралдарды иеліктен айыру, мҥлікті кепілге немесе жалға 
беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал 
келтіруі мҥмкін нарықтық бағадан айтарлықтай тӛмен бағамен не 
жеткіліксіз негіздер бойынша ӛзге де мәмілелер жасалуына 
бақылау жасау мақсатында сот енгізетін рәсім» ретінде 
қарастырады.
«Банкорттық туралы» заңға сәйкес борышкерге қатысты 
сырттай байқау рәсімі несие берушінің немесе уәкілетті органның 
ӛтініші бойынша сотпен енгізіледі.
Сырттай байқау рәсімін жҥргізу ҥшін уәкілетті органмен 
сырттай байқау әкімшісі тағайындалады, ол кең ауқымды 
ӛкілеттіктерге ие болады. Сырттай байқау әкiмшiсi болып 
банкроттық рәсiмдерiнде тӛлемге қабiлетсiз борышкердiң мҥлкi 
мен iстерiн басқару жӛнiндегi қызметтi жҥзеге асыруға уәкiлеттi 
орган берген лицензиясы бар жеке тҧлға - жеке кәсiпкер 
тағайындалады. Байқау барысында әкімші келесідей қҧқықтарға ие 
болады:
- борышкердің мҥлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша 
қосымша шаралар қолдану туралы сотқа ӛтінім жасау;

инвентаризация (мҥлік тҥгендеу) актісі бойынша 
борышкердің мҥлкіне салыстыру жҥргізу;
- борышкерден берешек сомасы кӛрсетiлген оның несие 
берушілері мен дебиторларының толық тiзбесiн, активтерi мен 


96 
пассивтерi толық кӛрсетiлген балансын, борышкердiң қаржылық 
жағдайы туралы есептi және басқа да қажеттi ақпаратты талап ету. 
Сыртқы байқау әкімшісі борышкерге қатысты барлық 
әрекеттерін сыртқы байқау барысында, несие берушілердің 
мҥдделерін қорғау мақсатында қҧрылатын, несие берушілердің 
комитетімен мақҧлдайды. Несие берушілер комитетiнiң қҧрамына 
борышкерге 
ең 
кӛп 
талабы 
бар 
азаматтық-қҧқықтық 
мiндеттемелер бойынша кредиторлар кіре алады. Ӛтiнiштерi 
бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген несие берушілер, 
талаптардың мӛлшерiне қарамастан, несие берушілер комитетiнiң 
қҧрамына енгiзiледi. 
Сырттай байқау рәсімінің ӛткізілу мерзімі ҥш айдан бір 
жылға дейін созылуы мҥмкін.
Сырттай байқау- сырттай байқау мерзiмi бiткен, сырттай 
байқау мақсаттарына қол жеткiзiлген жағдайларда сот сырттай 
байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады. 
Сырттай байқау рәсімінің айрықша қҧзірет бағыты оңалту 
рәсімдерін жҥргізудің мҥмкіндігі мен орындылығын анықтау 
мақсатында борышкердің қаржылық жағдайын зерттеу болып 
табылады. Сырттай байқау рәсімінің алдыңғы бағыттарының 
негізгілерінің бірі – борышкердің қаржылық жағдайымен жете 
танысып, оған оңалту рәсімдерін қолданудың мҥмкіншілігі мен 
тиімділігін анықтау болып табылады. Сырттай байқау кезеңі кейiн 
әкімші несие берушілер комитетiмен және уәкiлеттi органмен 
келiсiлген, борышкердің тӛлем қабілеттілігін қалпына келтіру 
мҥмкіндігі туралы және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану 
туралы мағҧлматы бар ӛз қызметi туралы есептi сотқа табыс етуге 
мiндеттi. 
Оңалту рәсімі – борышкердің экономикасын сақтауға 
жеткізетін жол, тӛлем қабілеті жоқ ҧйымдарды қаржылық-
экономикалық айықтырудың тиімді тәсілі. Заңнамаға сәйкес, 
оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге 
кез келген қайта ҧйымдастырушылық, ҧйымдық-шаруашылық, 
басқарушылық, 
инвестициялық, 
техникалық, 
қаржы-
экономикалық, қҧқықтық және борышкердің таратылуын 
болдырмау мақсатында оның тӛлем қабілетін қалпына келтіруге 


97 
бағытталған, заңдарға қайшы келмейтін ӛзге де шаралар 
қолданылады. Басқаша айтқанда, оңалту- бҧл әрекеті кәсіпорынды 
қалыпты ӛмір сҥруге қайта алып келетін қалпына келтіру рәсімі. 
Батыстық заңнамада бҧл рәсім қайта қҧру деп аталады, себебі ол 
бизнестің жекелеген тиімсіз бӛліктерін алып, оларды сату немесе 
тарату арқылы заңдық және қаржылық қайта қҧрумен (қайта 
ҧйымдастырумен) байланысты.
Заңнамаға сәйкес, борышкер жӛнiнде оңалту рәсiмiн 
қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында тӛлем 
қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мҥмкiндiгiнiң болуы негiз 
болып табылады. Борышкердiң тӛлем қабiлетiн қалпына 
келтiрудiң нақты мҥмкiндiгi сәйкес қҧжаттармен расталады.
Оңалту рәсімдерін жҥргізу туралы ӛтініш уәкілетті органға 
мәлімделуі мҥмкін деп заңнамамен бекітілген. Ӛтініш жасау 
қҧқығы, ӛзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн 
борышкерге, банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн несие 
берушілерге немесе ҥшiншi тҧлғаға берілген.
Ӛтiнiште борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы 
орындылығының негiздемесi, борышкердің тӛлем қабілеттілігін 
қалпына келтірудің нақты мҥмкіндіктері, кепiлдiкпен қамтамасыз 
етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 пайыздан астамын 
иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар 
талаптарының жалпы сомасының 50 пайыздан астам ҥлесi тиесiлi 
конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн ӛткiзуге жазбаша 
келiсiмi, сондай-ақ несие берушілер комитетінің қҧрамы және 
кандидаттың жазбаша келсімі қоса тіркелген оңалтуды 
басқарушының кандидатурасы бойынша ҧсыныс болуға тиiс. 
Сонымен қатар, борышкермен берілетін ӛтінішке соңғы екi 
жылдағы қаржы есебi қоса тіркелуі қажет. Борышкердiң 
жойылуын болдырмау мақсатында тӛлем қабiлетiн қалпына 
келтiрудiң нақты мҥмкiндiгi сәйкес қҧжаттармен, яғни аудиторлық 
есеппен және тиiстi шарттармен, есептермен, экономикалық 
негiздемелермен және басқа да қҧжаттармен расталуы тиіс. 
Борышкер несие берушілер комитетін қалыптастырады, несие 
берушілер комитетінің бірінші отырысын шақырады. Ол отырыста 


98 
жалпы сҧрақтардан басқа дәрменсіз борышкерді оңалту жоспары 
қарастырылады.
Егер борышкердi оңалтудың ҧсынылып отырған жоспарын 
және оңалтуды басқарушының кандидатурасы несие берушілер 
комитетi мен уәкiлеттi орган комитетi мен уәкiлеттi органның 
шешiмдер қабылдау тәртiбiн сақтай отырып, мақҧлдаса, 
борышкердiң оңалту рәсiмiн ӛткiзу туралы арызына кредиторлар 
комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келiсiмi сотқа 
жiберiледi. 
Егер борышкерді оңалтудың ҧсынылып отырған жоспарын 
және оңалтуды басқарушының кандидатурасын несие берушілер 
комитеті мен уәкілетті орган мақҧлдаса (келіссе), ал борышкерді 
оңалту жоспарымен келіспеген несие берушілердің мҥдделеріне 
нҧқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін ӛткізуге несие 
берушілер комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған 
кезден бастап бес кҥн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын 
бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы 
ҧйғарым шығарады.
Оңалту рәсімі аясында несие берушілер рәсімнің жҥргізілуін 
және ең бастысы – кәсіпорынның несиелік борыштарын жабу 
тәртібін бақылауды іске асыра алады. Заңға сәйкес, оңалту рәсімін 
жҥзеге асырудың ҧзақтығы 3 жылдан аспауы тиіс, бірақ қажет 
болған жағдайда соттың шешімімен 6 айға ҧзартылуы мҥмкін. 
Оңалту рәсiмi борышкер ӛтiнiш жасаған несие берушілер 
комитетінің және уәкілетті органның келiсiмi болған жағдайда сот 
тәртiбiмен тек коммерциялық ҧйымдарға қатысты қолданылады. 
Оңалту рәсімін жҥзеге асыру аралығына оңалтуды басқарушы 
тағайындалады, оған заңды тҧлғаның мҥлкі мен істерін басқару 
бойынша барлық органдардың бар ӛкілеттіліктері ӛтеді. Оңалтуды 
басқарушы болып, банкроттық рәсiмдерiнде тӛлемге қабiлетсiз 
борышкердiң мҥлкi мен iстерiн басқару жӛнiндегi қызметтi жҥзеге 
асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке тҧлға - жеке 
кәсiпкер тағайындалады. Оңалту рәсіміне борышкердің ӛзі 
бастамашылық жасаған жағдайда, борышкердің мҥлкінің меншік 
иесінің немесе ол уәкілдік берген органның ӛтініші бойынша, 
оңалтуды басқарушының барлық қҧқықтары мен міндеттері беріле 


99 
отырып, несие берушілер комитетінің келісімімен, уәкілетті 
органмен борышкердің басшысына жҥктелуі мҥмкін. 
Оңалту рәсімдерінің жағымды сәттері - ол оңалту рәсімі 
енгізілген кезінен бастап борышкер берешегінің барлық тҥрі 
бойынша тҧрақсыздық тӛлемін (ӛсімпҧлдарды, айыппҧлдарды), 
сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу 
тоқтатылады.
Оңалту рәсімін жҥргізу мерзімі аяқталған соң немесе 
«Банкроттық туралы» Заңның 53-бабында кӛзделген жағдайларда, 
сот:
- егер борышкер жӛнiндегi оңалту рәсiмiнiң мақсаты 
орындалса, оңалту рәсімін тоқтату туралы шешім қабылдайды; 
- егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткiзу мҥмкiн 
болмаса, борышкер жӛнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi 
банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм 
қабылдай алады (54-б.). 
Конкурстық іс - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру 
және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп 
жариялау мақсатымен жҥзеге асырылатын, сонымен қатар 
тараптарды бір-біріне қатысты қҧқыққа қарсы әрекеттерден қорғау 
бойынша борышкерге қатысты қолданылатын банкорттықтың бір 
рәсімі («Банкроттық туралы» Заңның 65-б. 1-т.). 
Конкурстық істің қатысушылары сот, несие берушілер 
комитеті, банкорт, конкурстық басқарушы, уәкілетті орган және 
басқада мҥдделі тҧлғалар болып табылады. 
Конкурсты 
басқарушыны 
тағайындауға 
банкроттық 
рәсімдерде борышкердің мҥлкі мен істерін басқару бойынша 
қызметті 
жҥзеге асыруға 
лицензиясы 
бар 
тҧлғалардың 
кандидатуралары қарастырылады.
Конкурсты басқарушының білгірлігі мен дағдыларына, кәсіби 
және жеке тәжірибесіне, банкроттық рәсімін жҥзеге асырудың 
сәттілігі мен заңдылығын сақтау, несие берушілердің талаптарын 
толығымен қанағаттандыру жағдайы тәуелді болады, себебі, 
«Банкроттық туралы» ҚР Заңының 9-б. 1-т. сәйкес, ол конкурстық 
іс жҥргізілу барысында борышкердiң мҥлкi мен iстерiн басқару 


100 
мiндеттерiн жҥзеге асырады және оған борышкер басшысының 
барлық қҧқықтары мен міндеттері ӛтеді. 
Несие берушілердің мҥдделерін және олардың қатысуымен 
шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында «Банкроттық 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, 
сонымен қатар банкроттық рәсімінде, оңалту рәсімінде және 
таратудың соттан тыс рәсімінде несие берушілер комитетін 
қалыптастыру және бекіту бойынша Нҧсқаулыққа сәйкес 
конкурсты басқарушы тағайындалған кҥннен бастап он кҥннен 
аспайтын 
мерзiмде 
кредиторлар 
комитетiнiң 
қҧрамын 
қалыптастырады және оны Комитетке немесе оның аумақтық 
органына бекітуге табыс етеді.
Несие берушілер комитетінің қҧрамына несие берушілердің 
еңбек ақы тӛлеу бойынша ӛкілі, салық және бюджетке тӛленетiн 
басқа да мiндеттi тӛлемдер бойынша несие беруші, мҥлік 
кепілімен қамтамасыз етліген міндеттемелер бойынша несие 
беруші, сонымен қатар, борышкерге аздаған талап сомасы бар 
конкурстық несие беруші кіреді. 
Несие берушілер комитетi мҥшелерi жетi адамнан аспайтын 
тақ санынан тҧрады. 
Конкурсты басқарушы несиелік борыштың сомасын және 
конкурстық істі жҥргізу ҥшін аталмыш несие берушілерді несие 
берушілердің комитеті қҧрамына енгізу туралы ҧсынысты, 
сонымен қатар олардың талаптарын куәландыратын қҧжаттарды 
табыс ету туралы ҧсынысты кӛрсете отырып, несие берушілерге 
борышкерді банкрот деп тану туралы хабарлама жібереді.
Конкурстық 
масса 
несие 
берушілердің 
талаптарын 
қамтамасыз етеді, сол себепті конкурстық массаны қалыптастыру 
және дебиторлық борышты ӛндіріп алу бойынша конкурсты 
байқаушының іс әрекеті Заңға сәйкес несие берушілердің комитеті 
мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз 
борышкерлермен жҧмыс комитетінің «Оңтҥстік» ӛңіраралық 
Департаменті сияқты уәкілетті органның бақылауында болады.
Конкурстық массаны борышкердің барлық мҥлкі, соның 
ішінде оның қаржылық қҧжаттарында кӛрсетілмеген, талап 


101 
қҧқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің 
меншік қҧқығын растайтын қҧжаттары бар мҥлкі қалыптастырады.
Борышкерді тарату барысында конкурсты басқарушы сәйкес 
мамандарды тарта отырып дебиторлық берешекті қоса алғанда, 
борышкердің мҥлкіне (активтеріне) тҥгендеуді және бағалауды 
жҥргізеді, себебі борышкердің осы мҥліктерінің есебінен несие 
берушілердің талаптарын қанағаттандыру жҥзеге асырылады.
Конкурсты басқарушы конкурстық массаны сату жоспарының 
жобасын дайындайды және сату жоспарын қоса тіркей отырып, 
Комитетке бекітілген нысанда ӛтініш жолдайды. Жоспар 
жобасына мҥлікті, дебиторлық берешекті (осындай қорытынды 
бар болған жағдайында) бағалау бойынша мамандардың 
қорытындысы қоса тіркеледі.
Банкрот - ҧйымның конкурстық массасын сату жоспарында 
қалыптастырылған лоттардың саны, сатуға қойылатын мҥліктің 
атауы, техникалық сипаттамасы (шығарылған жылы, пайдалануға 
берілген жылы, жалпы кӛлемі, ӛлшем бірлігі мен саны, ағымдағы 
жағдайы және т.б.), мҥлікті сатудың старттық және тӛменгі бағасы 
кӛрсетілген мәліметтер кесте нысанында кӛрсетіледі.
Сату жоспарының жобасындағы ҧсыныстарда келесі 
мәліметтер болуы қажет:
-банкрот-ҧйымның мҥлкін (активтерін) сату алдындағы 
әзірлеуін ӛткізудің тәртібі (мҥлікті тҥгендеу, бағалау, мҥлікті 
біртҧтас лотпен немесе сегмент бойынша сату бойынша ҧсыныс, 
ағылшындық және голландық әдістер бойынша сату саны, 
старттық және тӛменгі бағалар, сауда-саттықты ӛткізу уақыты 
туралы, болатын сауда - саттық туралы жариялымдар мен болатын 
сауда-саттық бойынша жарнамаларды ҧйымдастыру бойынша 
ҧсыныстар, аукционшының қызметтері бойынша ҧсыныстар); 
-сауда-саттықты ҧйымдастыру бойынша шаралар (сауда-
саттыққа қатысуға ниет білдірген тҧлғалардан ӛтінімдер және 
басқада қҧжаттар қабылдау, кепіл жарналарын және олардың 
мӛлшерін енгізу және қайтару тәртібі мен шарттары, бір кепіл 
жарнасы бір лотты сатып алуға қҧқық беретінін анықтаушы 
шарттар, сауда-саттық нәтижесі туралы хаттаманы және сауда-
саттық жеңімпазымен сатып алу-сату шартына қол қою тәртібі мен 


102 
мерзімі, сатылмай қалған мҥлкi тиiстi кезектегi ӛз талаптарына 
толық кӛлемде қанағаттана алмаған несие берушілерге беру 
мҥмкіндігі және т.б.); 
-мемлекеттің бастамашылығы бойынша банкрот деп танылған 
ҧйымға қатысты мҥлікті ҥш айға дейін мерзімді ҧзарту бойынша 
сату мҥмкіндігі;
-Қазақстан Республикасының Ҥкіметімен бекітілген жағдайда 
мҥлікті (активтерді) сатудың ерекше шарттары және конкурстық 
массаны сатып алушыларға қосымша талаптар.
Конкурсты басқарушы, сату жоспарының уәкiлеттi органмен 
келісілген жоспарын бекіту ҥшін банкрот-ҧйымның несие беруші 
комитетіне ҧсынылады. Банкрот – ҧйымның мҥлкін сатудың 
бекітілген жоспары және несие берушілер комитетінің отырыс 
хаттамасы Комитетке немесе оның аумақтық органына жіберіледі.
Конкурсты басқарушы несие берушілер талаптарының 
тізілімін қалыптастырады. Бірінші кезекте таратылатын заңды 
тҧлға ӛміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені ҥшін 
жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары қарастырылады. 
Заңды тҧлғаны тарату барысында аталмыш талаптар тиісті 
мерзімдік 
тӛлемдерді 
капиталға 
айналдыру 
жолымен 
қанағаттандырылады. Мысалы, кәсіпорын қызметкері кәсіби 
ауруға шалдығу нәтижесінде денсаулығын жоғалтқан. Мҧндай 
жағдайда конкурсты басқарушы борышкердің негізгі есеп 
шотынан уәкілетті ҧйымның есебіне белгілі бір соманы, аталмыш 
ҧйым таратылатын заңды тҧлға тӛлеп отырған тӛлемді тӛлейді 
деген шартпен аударады.
Екінші кезекте еңбек шарты бойынша жҧмыс істеген 
адамдардың еңбегіне ақы тӛлеу және ӛтем тӛлеу, сондай-ақ 
авторлық шарттар бойынша сыйақы тӛлеу (мысалы, ойлап 
тапқыштардың, 
ғылыми 
және 
әдеби 
шығармалардың 
авторларының талаптары және т.б.) жӛнінде есеп айырысулар 
жҥргізіледі.
Ҥшінші кезекте, кредиторлардың таратылатын банкроттың 
кепілмен қамтамасыз етілген мҥлкінің міндеттемелері жӛніндегі 
талаптары, қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады 


103 
(мысалы, борышкерге тиесілі жабдықтың бӛлігін кепілге алып 
несие берген банктің талабы). 
Тӛртінші кезекте бюджет және бюджеттен тыс қорларға 
тӛленетін міндетті тӛлемдер жӛніндегі берешек ӛтеледі.
Сонымен, бесінші кезекте басқа да қалған несие 
берушілермен есеп айырысылады (ҚР АК 51-б.). 
Әр кезектің талаптары оның алдындағы кезек талаптары 
толық қанағаттандырылып болғаннан кейін қанағаттандырылады. 
Несие берушілердің талаптарын кезектен тыс қанағаттандыру, 
ӛрескел заң бҧзушылық болып табылады, ол ҥшін тәртіп бойынша 
конкурсты басқарушы тӛлем қабілеттілігі жоқ борышкердің ісін 
және мҥлкін басқару бойынша қазметті жҥзеге асырудан 
шеттетіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін 
конкурстық басқарушы қорытынды есеп және тарату балансын 
жасайды, оларға конкурсты басқарушы және бухгалтер қол 
қойылып, тиісті тҥрде рәсімделуі тиіс.
Қорытынды есепте конкурсты басқарушымен жҥзеге 
асырылған барлық іс әрекеттер туралы толық мәліметтер болуы 
тиіс.
Конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген ӛз 
қызметі туралы есепті, тарату балансы мен кредиторлардың 
талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мҥлікті пайдалану 
туралы есепті қоса сотқа бекітуге ҧсынады. Осы орайда Заңның 
67-б. 1-т. және 87-б. 2-т. сәйкес, сот конкурсты басқарушының 
есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген 
кезден бастап он бес кҥннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 
конкурстық iс жҥргiзудi аяқтау туралы ҧйғарым шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет