Конкурс Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050»



бет1/3
Дата21.01.2020
өлшемі333 Kb.
#56288
  1   2   3
Байланысты:
kd moap kaz26102018105559



Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2018 жылғы «__» ________

№ __ бұйрығымен бекітілген _____




2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама
Салалық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) салалық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға өтінімдерді дайындау мақсатында, «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес әзірледі.

2. Конкурс Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру бойынша (бұдан әрі – гранттық қаржыландыру) өткізіледі.

3. Конкурстың мақсаты – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруды бөлу.

4. 2019 жылға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында айқындалады, 2020-2021 жылдарға арналған сомалар тиiстi қаржы жылына бекітілген қаржыландыру көлеміне сәйкес нақтыланатын болады

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілген жағдайда, көрсетілген қаржыландыру сомаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өзгерістер енгізілуі мүмкін.


2-тарау. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары


Басым бағыттар


Мамандандырылған ғылыми бағыттар

1. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс

1.1 «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-ғарыштық технологияларды дамыту»

1.2 «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту»

1.3 «Ұшкыссыз авиация кешендері өндірісінің технологияларын дамыту»



3-тарау. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімді беру тілі


  1. Егер құпиялық белгісі болмаса, Гранттық қаржыландыруға өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі бар өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

4-тарау. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, қоса қаржыландырудың көлемі және жағдайлары
6. Конкурсқа қатысу өтінімдері Конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасының талаптарына сәйкес болуы керек және осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес жасалады. Жобаның ілеспе хаты, қысқаша сипаттамасы және өтінімі Конкурстық құжаттамаға 3, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.

7. Өтінімдер қағаз және электрондық тасымалдауышта (дискіде), үш данада, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, 213-кабинет.

Белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі бар өтінімдер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып арнайы хатпен жіберіледі.

8. Құпиялылық белгісінсіз берілген жағдайда, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) болуы қажет.

ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін конкурсқа қатысушылар өтінімдерді «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-тың (бұдан әрі – Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы тіркейді.

Мерзімнің аяқталуынан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі бар өтінімдерде ЖТН болмауы керек.

9. Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде қойылады.

10. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім жобаны іске асыру мерзімі 3 жылдан аспауы туралы ақпаратты қамтуы керек.

11. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітілу керек, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар жайлы жазба болу керек және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгелек мөрімен қоса қолымен расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.

12. Ашылуы өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізуі мүмкін, мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.

13. Өтінімнің мазмұны мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:

– жалпы ақпарат;

– жобаның сипаттамасы;

– зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;

– жобаны жоспарлау және басқару;

– зерттеушілер тобы;

– зерттеу ортасы;

– күтілетін нәтижелер;

– библиография;

– қосымшалар.

14. Талаптарға сәйкес келмейтін мынадай өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:

1) Құпиялық белгісінсіз берілген жағдайда, ЖТН-ні жоқ өтінімдер;

2) өтінімді ресімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

3) талап етілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмаған өтінімдер;

4) плагиат және өтінім тақырыбының немесе мазмұнының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бұдан бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілері анықталған өтінімдер (көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс);

5) конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі болмаған өтінімдер;

6) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;

7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұдан бұрын алынған шекті бағаның төмен болған немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;

8) бұдан бұрын мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылған немесе қаржыландырылатын жобалар бойынша өтінімдер.

15. Өтінімде мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін. Оларды іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады. Жеке әріптестің болуы өтінімді қарауда және гранттық қаржыландыру алатын жеңімпазды айқындауда басым шарттардың бірі болып табылады.

5-тарау. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптар, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар және қаржыландыру сомасы


  1. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен қатысуға құқылы.

  2. Жобаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.

18. Жетекшінің ғылыми зерттеулер саласы және (немесе) оның ғылыми жұмысының тәжірибесі ғылыми жобаның бағытына сәйкес келуі тиіс.

19.Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның басшылары, осы жобаның іске асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде екіден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға немесе бірден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі және бірден аспайтын жобаның орындаушысы болуға құқылы.

20. Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) 2 (екіден) аспайтын жобаға орындаушы болуға құқылы.

21. Зерттеу тобының құрамына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, шетелдік ғалымдар, сондай-ақ өндірістен инженерлер, коммерцияландыру бойынша мамандар/брокерлер тартылуы мүмкін.

22. Жобаның кемінде 30% орындаушысы 35 жасқа дейінгі жас мамандар, оның ішінде PhD докторлары, магистранттар болуы қажет.

23. Жобаны іске асыруға қажетті сұралатын қаржы сомасы мынадай шамада болуы қажет:

1) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін – жылына кемінде 5 млн. теңге және жылына 30 млн.теңгеден артық емес;

2) жаратылыстану, нақты және техникалық ғылымдар үшін:

– іргелі ғылыми зерттеулер бойынша – жылына кемінде 15 млн. теңге және 50 млн.теңгеден артық емес;

– қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша – жылына кемінде 20 млн. теңге және 80 млн.теңгеден артық емес.

Зерттеулердің негізгі нәтижелері бөлінген қаржы көлемімен өлшемдес болуы қажет.

24. Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Жобаның жетекшісі Қазақстан Республикасының резиденті болуы тиіс.

25. Қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыландыруға сәйкес анықталады.

26. Гранттық қаржыландыру қаражатын гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі бөледі.

27. Гранттық қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалады. Конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлері Конкурсттық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.

28. Гранттық қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке әкеп соғады.

29. Жобаларды орындаушы ұйымның жетекшілері гранттық қаржыландырудың қаражатын ұстап қалуға жол бермейді.

30. Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

31. Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді.

32. Өтінім беруші заңнамада белгіленген тәртіпте есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.

33. Жоба шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар олардың теңгеріміне тіркеледі.

34. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асырудың қорытындылары бойынша бүкіл кезеңде мынадай нәтижелер алынуы тиіс:

1) Жобалар бойынша жариялануы тиіс:

жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар саласында – Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда: іргелі ғылымдар үшін – кемінде 2 (екі) мақала, қолданбалы ғылымдар үшін – кемінде 1 (бір) мақала, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым (құпиялық белгісінсіз жобалар болған жағдайда, белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі бар жобалар болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып);

2) Техникалық, жаратылыстану, медициналық ғылымдар саласындағы (патентке қабілетті жобалар бойынша) қолданбалы зерттеулер жобалары бойынша қорғау құжаттары алынуы тиіс;

3) Қолданбалы зерттеулердің жобалары бойынша нәтижелері практикаға енгізілуі керек (болғаны жақсы).

35. Жоба барысында және/немесе аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыс басылымы кезінде авторлар нөмірін көрсете отырып ұтып алынған грантқа сілтеме жасауға міндетті.

36. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан жоба шеңберінде халықаралық конференцияларға қатыса алады немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.

37. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер жаңа ғылыми білім (басылымдар, қорғау құжаттары) түрінде немесе дайын ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық және басқа да карталар, жаңа материалдар, препараттар, құралдар және т.б.) ретінде ұсынылуы тиіс.

38. Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың немесе өтінім беруші не бизнес-әріптестің қаражатын тарта отырып қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендерін, жүйелердің бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдерін (тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендер, эксперименттік және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс және т.б.) құруға дайын болуы қажет.

39. Жариялау құқығы жобаның рефератын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің және/немесе автордың келісімін сұратусыз Орталыққа беріледі.

40. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен міндетті түрде Орталықта мемлекеттік есепке алуға жатады.

41. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаны іске асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін шарт конкурстық кұжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

2019-2021 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

жобалар бойынша гранттық қаржыландыру


шеңберіндегі конкурстық құжаттамаға

1-қосымша



2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі нысанына қойылатын талаптар
1.  Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе хат;

  2. Жоба бойынша ұсынылған ақпараттың дәйектілігі, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталану, өзгелердің нәтижелерін иемдену және т.б.) болдырмауды сақтау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы мәлімдеме.
    Осы жобаны орындаушылар осы конкурс шеңберінде басқа ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындардың атынан толық немесе ішінара конкурстық жобаларды/өтінімдерді бермегені туралы кепілдік. Жетекшінің диссертация қорғаған ғылыми мамандығы, сондай-ақ оның ғылыми жұмыс тәжірибесі ғылыми жоба бейініне сәйкес келетініне кепілдік.

Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберінде сатып алу және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік.

3) Жобаның қысқаша сипаттамасы;

4) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

5) Өтінім берушінің аккредиттелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

6) Жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.

2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, гранттық қаржыландыру туралы конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) қойылады.



3. Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану қажет):

сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;

шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-нан кіші емес);

жоларалық интервал – бір;

абзац шегінісі (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал – жоларалық бір интервал;

өтінім және оған қосымшаларының парақтары нөмірленуі керек;

өтінім көлемі А4 форматты 20 (жиырма) парақтан аспауы тиіс;

өтінімнің электронды нұсқасы мен жобаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.doc немесе *.docx) өтінім құпиялық белгісінсіз берілген жағдайда, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы жоба тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.

Белгіленген өтінім «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісімен берілген жағдайда, өтінімнің электронды нұсқасы және бағдарламаның қысқаша сипаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

4. Гранттық қаржыландыруға ұсынылған өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіннің мазмұны (өтінім құпиялық белгісінсіз берілген жағдайда, белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгілері болған жағдайда, ағылшын тілі пайдаланылмайды) бірдей болуы тиіс.

Өтінімнің (құпиялық белгісі болмаған жағдайда, диск- тасымалдауыштағы, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесіне енгізілген), өтінім құпиялық белгісінсіз берілген жағдайда, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі гранттық қаржыландыруға жобаның қысқаша сипатттамасының белгіленген «ҚБПҮ» немесе «Құпия» белгісі болған жағдайда, ағылшын тілі пайдаланылмайды), сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс. Түпнұсқа құжат ретінде қағаз нұсқасы есептеледі.



Гранттық қаржыландырудың электронды өтінімі, ілеспе хат және жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы керек.
Осы талаптардың 1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама, бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа, белгіленген тәртіп бойынша тігіледі; конкурстық өтінім белгіленген тәртіпте бөлек тігіледі.

Барлық қажетті құжаттарды 3 данадан ұсыну қажет. Электрондық тасымалдауыштар арнайы конвертке салынып, құжат тігілетін папканың ішкі жағынан бекітілуі тиіс.

2019-2021 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

жобалар бойынша гранттық қаржыландыру


шеңберіндегі конкурстық құжаттамаға

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет