А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Мҥлікті беру туралы шарттар



Pdf көрінісі
бет86/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

3. Мҥлікті беру туралы шарттар 
Аталмыш шарттардың тобына мҥлікті меншікке, басқада 
заттық қҧқыққа (шаруашылық жҥргізу, оралымды басқару) немесе 
пайдалануға беру бойынша: 
- сатып алу-сату шарты;
- айырбас шаты;
- сыйға тарту шарты; 
- рента шарты; 
- мҥлік жалдау шарты; 
- мҥлікті тегін пайдалану шарты кіреді.
Сатып алу-сату шарты мҥлікті меншікке немесе ӛзге де 
заттық қҧқыққа беру бойынша міндеттемелердің негізгі тҥрі болып 
табылады.
Қазіргі таңда сатып алу-сату – бҧл кәсіпкерлік қызмет 
аумағында қолданылатын, азаматтық айналымның ең кең тараған, 
сонымен қатар, ол кәсіпкерлер мен тҧтынушы- азаматтар (бӛлшек 
сатып алу -сату) арасындағы қатынастарды дәріптейтін шарт.
Сатып алу- сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мҥлікті 
(тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, 
шаруашылық жҥргізуіне немесе оралымды басқаруына беруге 
міндеттенетін, ал сатып алушы бҧл мҥлікті (тауарды) қабылдауға 
және ол ҥшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) тӛлеуге 
міндеттенеді (ҚР АК 406-б.). 


153 
Сатып алу-сату бойынша қазақстандық заңнаманың негізін 
ҚР АК 25-тарауы қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі сатып алу –
сатуды белгілі бір сатып алу сомасына мҥлікті иеліктен шығару 
бойынша міндеттеменің барлық тҥрін қамтитын тектік ҧғым 
ретінде тҥсіндіреді. Сатып алу-сату шартының кең тараған тҥрлері 
ретінде келесілерді кӛрсетуге болады: бӛлшектеп сатып алу-сату 
шарты (ҚР АК 445-б.), тауар жеткізілімі шарты (ҚР АК 458-б.), 
келісім-шарт жасасу шарты (ҚР АК 478-б.), энергиямен жабдықтау 
шарты (ҚР АК 482-б.), кәсіпорынды сату шарты (ҚР АК 493-б.). 
Дегенмен, жоғарыда кӛрсетілген шарттардың тізімін жеткілікті 
деп айтуға болмайды, себебі ҚР АК, реттеудегі басты орын ҚР АК 
жатпайтын, ал арнайы заңдармен және заңға бағынышты актілерге 
жататын басқада шарттардың тҥрлері туралы кӛрсетеді (бағалы 
қағаздарды, валюталық қҧндылықтарды, мҥліктік қҧқықтарды 
және т.б. сатып алу-сату. ҚР АК 406-б. 2 т.-5.т). 
Заңдық табиғаты бойынша сатып алу-сату шарты әдетте, 
консенсуалды (барлық елеулі ережелері бойынша тараптар 
келісімге келген мезетте шарт жасалған болып табылады), қҧнды 
(тауарды беру бойынша міндеттемені орындау негіздемесі сатып 
алу қҧны немесе керісінше, тҥрде қарсы қанағаттандыруды алу 
болып табылады), ӛзара (синаллагматикалық) (екі тарапта да 
субъективті қҧқықтар мен міндеттердің болуы) шарттарға 
жатқызылады.
Заң шарттың ауызша және жазбаша нысанда жасалуына, тек 
кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жасау барысында арнаулы 
білікті нысанды сақтау міндеттілгін бекіте отырып жол береді. 
Яғни, ҚР АК 494-бабына сәйкес, мҥліктік кешен ретінде 
кәсіпорынды сатып алу-сату шарты жазбаша нысанда жасалады 
және міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады және тіркелген 
кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Осындай нысан 
жылжымайтын мҥлікпен жасалған барлық шарттарға тарайды. 
Басқа жағдайлардың барлығында сатып алу-сату шарттары 
мәмілелердің нысандары туралы жалпы ережелерге сәйкес 
рәсімделуі тиіс (ҚР АК 151-155-б.). 


154 
Сатып алу-сату шартының тараптары – сатушы мен сатып 
алушы болып азаматтық қҧқықтың кез келген субъектілері: 
азаматтар, заңды тҧлғалар немесе мемлекет тҥсе алады. Алайда, 
олардың сатып алу-сату шартының жекелген тҥрлеріне қатысуы 
шарттың заңды табиғатымен, сондай-ақ субъектінің қҧқықтық 
жағдайының ерекшеліктерімен шектелуі мҥмкін.
Сатып алу-сату шартының жалғыз елеулі ережесі-бҧл оның 
пәні. Пән-бҧл сатушының сатып алушыға беруге міндеттенетін 
мҥлкі. Пәнді «тауар» ҧғымымен анықтайды. Қазіргі таңда пән 
ретінде кез келген мҥлік болуы мҥмкін, соның ішінде сатуға 
рҧқсат берілген жылжыйтын және жылжымайтын мҥліктер де бар. 
Шарт жасасқан кезде сатушының қолында бар тауарды, сондай-ақ 
заң актілеріде ӛзгеше белгіленбесе немесе тауардың сипатынан 
ӛзге жағдай туындамаса, шарт жасасу кезінде сатушыда жоқ, бірақ
сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын 
тауарын сатып алу-сатуға шарт жасалуы мҥмкін (ҚР АК 407-б.). 
Егер шарттың мазмҧны тауарлардың атауын және санын 
айқындауға мҥмкіндік берсе, сатып алу-сатудың пәні туралы талап 
(елеулі талап) келісілген деп есептеледі.
Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті ӛлшем 
бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай тҥрде кӛзделуі тиіс. Сонымен 
қатар, тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін 
шартта белгілеу жолымен келісілуі мҥмкін. Мҧны атап ӛту 
маңызды, себебі тауар саны шарттың елеулі ережелеріне жатады 
және оның шартта кӛзделмеуі шарттың жасалмағандығын тануға 
әкеледі.
Сатушы шарт бойынша сатып алушыға сатылған тауарды 
беру 
міндетін 
орындамаған 
жағдайда, 
сатып 
алушы 
міндеттемелерді орындаудан бас тартуға қҧқылы. Міндеттемені 
орындаудан бір жақты бас тарту, егер мҧндай бас тарту мҥмкіндігі 
заңмен қарастырылса, шарттың бҧзылуына әкеп соғады, ал сатып 
алушы шығындардың орнын толтыру туралы талап қою қҧқығын 
сақтайды.
Тауардың саны туралы шарт талаптары бҧзылған жағдайда, 
сатып алушы, егер шартта ӛзгеше кӛзделмесе, берілген 
тауарлардан және оларға ақы тӛлеуден бас тартуға, ал егер ақысы 


155 
тӛленіп қойған болса, оған тӛлеген ақша сомасын қайтаруды және 
шығындардың орнын толтыруды талап етуге қҧқылы.
Сатушы сатып алушыға тауарды шартта кӛрсетілгеннен 
артық мӛлшерде берген жағдайда сатып алушы бҧл туралы 
сатушыға хабарлауға міндетті. Егер сатып алушыдан хабар 
алынғаннан кейін қисынды мерзімде сатушы тиісті тауарға билік 
етпесе, шартта ӛзгеше кӛзделмегендіктен, сатып алушы артық 
мӛлшерде берілген бҥкіл тауарды қабылдауға қҧқылы. Сатып 
алушы тауарды шартта белгіленгеннен артық мӛлшерде 
қабылдаған жағдайда тиісті тауарға ақы, егер тараптардың 
келісімінде ӛзгеше баға белгіленбесе, шартқа сәйкес қабылданған 
тауар ҥшін белгіленген баға бойынша тӛленеді (ҚР АК 419-б.).
Сатып алу-сату шартында тауарлар белгіленген тҥрлеріне, 
ҥлгілеріне, мӛлшеріне, тҥстері мен ӛзге де белгілеріне (тҥр-тҥрі) 
қарай берілуі тиіс деп кӛзделуі мҥмкін. Мҧндай шарт бойынша 
сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келіскен тҥр-тҥрі 
бойынша беруге міндетті (ҚР АК 420-б.).
Сатушы шартта кӛзделген тауарлардың тҥр-тҥрін шартқа 
сәйкес келмейтін етіп берген кезде сатып алушы оларды 
қабылдаудан және ақы тӛлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы 
тӛленіп қойған болса, тӛленген ақша сомасын қайтаруды және 
шығынның орын толтыруды талап етуге қҧқылы. Егер сатушы 
сатып алушыға тҥр-тҥрі шартқа сәйкес келетін тауарлармен қатар, 
олардың тҥр-тҥрі туралы шарттың талаптарын бҧза отырып 
тауарлар берсе, сатып алушы ӛз қалауы бойынша келесі 
әрекеттерді жасауға: тҥр-тҥрі туралы шарттың талаптарына сәйкес 
келетін тауарларды қабылдап, қалған тауарлардан бас таруға; 
берілген барлық тауарлардан бас тартуға; тҥр-тҥрі туралы 
шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шартта 
кӛзделген тҥр-тҥріндегі тауарлармен алмастыруды талап етуге; 
берілген барлық тауарларды қабылдап алуға қҧқылы (ҚР АК 421-
б.).
Отандық және әлемдік тәжірибені саралай отырып, ҚР 
Азаматтық кодексі тауардың сапасына қатаң кепілдік және тауарға 
қойылған талаптарды бҧзғаны ҥшін сатушыға шектеуге жатпайтын 
жауапкершілік бекітеді.


156 
Тауар 
сапасы 
– 
бҧл 
стандарттармен, 
техникалық 
ережелермен, ҥлгілермен, эталондармен, басқа да нормативтік 
актілермен, сондай-ақ шартпен бектілген тауар қасиеттерінің 
жиынтығы (ҚР АК 422-б.). Сатылатын тауардың сапасы шарт 
талаптарына сәйкес келуі тиіс. Шартта тауардың сапасы туралы 
талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы 
сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге 
міндетті.
Тиісті сапасы жоқ тауарды беру сатып алушының мҥддесін 
едәуір кемсітеді, сондықтан оған қорғанудың әртҥрлі әдістері 
ҧсынылады, олар ҚР АК 428-бабында және «Тҧтынушылардың 
қҧқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында кӛрініс тапқан. Сонымен, 
егер сатушы тауардың кемшіліктері туралы айтпаған болса, тиісті 
сапасы жоқ берілген сатып алушы ӛз қалауы бойынша сатушыдан:

тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен 
алмастыруды; 

қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жоюды; 

сатып алу бағасын сол мӛлшерде кемітуді; 

шартты орындаудан бас тартуға және тауар ҥшін тӛленген 
ақша сомасын қайтаруды; 

тауардың кемшіліктерін жоюға жҧмсаған ӛз шығындарын 
ӛтеуді талап етуге қҧқылы. 
Маңызды мәнге тауар сапасына кепілдік туралы нормалар ие. 
Тауар сапасына заңдық кепілдік пен шарттық кепілдікті ажырата
білу қажет.
Шарттық кепілдік оны шартпен бекіткен жағдайда 
қолданылады. ҚР АК заңдық кепілдіктің мәні келесідей кӛрініс 
тапқан: тауарлар оларға қойылатын сапа талаптарына сәйкес келуі 
тиіс, сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауар оны сатып 
алушыға берер кезде, егер тауардың бҧл талаптарға сәйкестігін 
айқындаудың ӛзгеше жағдайы шартта кӛзделмесе, қисынды мерзім 
шегінде, әдетте, осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар ҥшін 
жарамды болуға тиіс (ҚР АК 422-б.). 
Шартта сатушының тауар сапасына кепілдік беруі кӛзделген 
жағдайда (шарттық кепілдік) сатушы шартта белгіленген белгілі 


157 
бір уақыт кезеңі (кепілді мерзім) ішінде сатып алушыға сапасына 
қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиісті тауар беруге міндетті 
(ҚР АК 425-б.). 
Кепілді мерзімнің маңыздылығы келесі жағдайлармен 
анықталады: біріншіден, олар тауардың сапасы бойынша талаптар 
қою мҥмкіндігін уақыт бойынша ҧзартады, екіншіден, басқа 
мерзімдермен салыстырғанда, сатып алушылардың мҥдделерін 
қорғауға қосымша мҥмкіндіктер береді. Яғни: а) сатып алушыға 
тауардаға ақаулықтың себебін дәлелдеу қажет емес, ә) егер 
тауардағы кемшіліктердің сатушы олар сатып алушыға 
берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе 
оны сақтау ережелерін бҧзуы не ҥшінші бір тҧлғалардың 
әрекеттері немесе дҥлей кҥштің салдарынан пайда болғанын 
дәлелдемесе, кепілді мерзім ішінде анықталған кемшіліктер 
сапасыз тауарды ауыстыруды немесе оның қҧнын ӛтеуді талап 
етуге қҧқық береді, б) дәлелдеу ауыртпалығы сатушыға жҥктелген.
Тауар сапасына кепілдік берумен тауардың жарамдылық 
мерзімін ажырата білу қажет. Жарамдылық мерзімі дегеніміз 
заңдарда, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарында 
немесе басқа да міндетті ережелерде бітуіне қарай тауар мақсаты 
бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі және 
ол тауарды дайындалған кҥннен бастап есептеледі (ҚР АК 423-б.). 
Сатушы жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды сатып 
алушыға жарамдылық мерзімі біткенге дейін олардың мақсаты 
бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге міндетті.
Сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға 
жиынтықтылық туралы шарттың талаптарына сәйкес тауарлар 
беруге міндетті, ал шартта мҧндай жағдай белгіленбеген ретте 
тауардың жиынтықтылығы іскерлік айналым дағдыларымен 
немесе әдетте қойылатын ӛзге де талаптармен анықталады.
Сатушының шарттың тауардың жиынтықтылығы туралы 
ережесін бҧзуы және тауарларды жиынтағанда беру ережелерін 
бҧзуы ҧқсас салдар тудырады: сатып алушы ӛз қалауы бойынша 
сатушыдан сатып алу бағасын сол мӛлшерде кемітуді немесе 
тауарларды қисынды мерзімде толымды жиынтықтауды талап 
етуге қҧқылы. Егер сатушы сатып алушының қисынды мерзім 


158 
ішінде тауарды толымды жиынтықтау туралы талабын 
орындамаса, 
сатып 
алушы 
жиынтықталмаған 
тауарды 
жиынтықталған тауармен алмастыруды және шартты орындаудан 
бас тартуға және тауар ҥшін тӛленген ақша сомасын қайтаруды 
талап етуге қҧқылы.
Сатып алушы сатушыға шарттарға тауардың саны, тҥр-тҥрі, 
сапасы, жиынтықталуы, ыдысқа салынуы және буып-тҥйілуі 
туралы талаптарды бҧзуымен байланысты қандай да бір талап 
қоюы ҥшін қажетті ереже, сатушыны сатып алу- сату шартын 
тиісті 
тҥрде 
орындамағаны 
туралы 
хабарлау 
болып 
табылатындығын ескере кеткен жӛн.
Сатып алу-сату шартының бағасы – бҧл сатып алушының 
сатушыға тӛлейтін белгілі бір ақша сомасы және сондай-ақ 
шарттың елеулі ережесі болып табылады, сатып алушының 
міндеті сатушыға сатып алу бағасын тӛлеу болып табылады. ҚР 
АК 438-бабына сәйкес, сатылған тауардың бағасын анықтауға 
шарт ережелері мен заңнама мҥмкіндік бермеген жағдайда, шарт 
жасасу кезінде осыған ҧқсас жағдайларда әдетте осы сияқты 
тауарлар ҥшін алынатын баға бойынша сатылды деп есептелінеді 
(сонымен қатар, ҚР АК 385-б., ҚР АК 424-б. 3-т., 485-б. 
қараңыздар).
Мерзім сатып алу-сату шартында тараптардың келісімімен 
немесе заңмен белгіленген жағдайда маңызға ие болады, сонымен 
қатар затты беру мерзімі (кезі) тауардың кездейсоқ жойылу немесе 
бҥліну қаупінің ауысуы барысында да маңызды рӛл атқарады.
Сатушының басты міндеті сатып алушыға тауарды беру 
болып табылады. Оның тиісті тҥрде орындалуы, жоғарыда сӛз 
етілген, тауарға заңмен қойылатын талаптармен тікелей 
байланысты. Сонымен, сатушы сатып алушыға келесідей 
сипаттағы тауарды:
-
тиісті сападағы; 
-
келісілген санда; 
-
келісілген тҥр-тҥрінде; 
-
сәйкес жиынтықтылығы мен жиынтығында; 
-
оған қатысты керек-жарақтар мен қҧжаттармен; 


159 
-
ҥшінші тҧлғалардың қҧқықтарынан тыс. ҚР АК 413-
бабына сәйкес, сатушы сатып алушыны берілетін тауарға қатысты 
ҥшінші тҧлғалардың барлық қҧқықтары (кепіл, жалға алу, ӛмір 
бойында пайдалану) туралы ескертіп және эвикциядан босатуы 
қажет; 
-
шартпен немесе заңмен белгіленген мерзімде беруі қажет.
Егер сатушы шарттың ережелерін бҧза отырып сатып 
алушымен сатып алынған тауарды бермесе немесе шарттың 
талаптарына сәйкес келмейтін тауарды беретін болса, сатып 
алушы сатушыдан сатып алынған тауарды беруін және орындауды 
кешіктіру салдарынан келтірілген шығынның орнын толтыруды 
немесе шартты бҧзуға және келтірілген шығындардың орнын 
толтыруды талап етуге қҧқылы (ҚР АК 419, 417, 416, 421, 428, 435, 
433-б.). 
Қалыпты жағдайдағы нарық заң мен шарт арқылы тек сатып 
алушының қҧқықтарын қамтамасыз етуді ғана емес, сондай-ақ ӛз 
тауары ҥшін алуға тиісті сатушының да қҧқықтарын қамтамасыз 
етуді қарастырады. Сатып алушының тауарды қабылдау мен оның 
ақысын тӛлеу міндетін анықты тҥрде реттеу, әсіресе, қазіргі 
таңдағы тӛлемдерді жҥргізбеу жағдайында маңызды болып 
табылады.
Шартпен белгіленген мерзімде және тәртіпте тауарды 
қабылдау міндетін орындау, кӛбінесе, сатушының сатып алушыға 
тауарды алуға және беруге мҥмкіндік тудыратын қажетті іс-
қимылдар жасау міндетін білдіреді (жҥкті тиеп тҥсіруді жҥзеге 
асыратын мекенжайды хабарлау, тауарларды жеткізу ҥшін кӛлік 
қҧралдарын беру, егер сатып алушының бҧл міндеті шарттан 
туындаса және т.б.).
ҚР АК, егер заңнамамен немесе шартпен ӛзгеше белгіленбесе, 
не міндеттеменің мәнінен ӛзгеше туындамаса, сатып алушы 
тауарға оны сатушы бергеннен кейін немесе бергенге дейін толық 
баға мӛлшерінде ақы тӛлеуге міндетті деп белгілейді. Егер сатып 
алушы шартқа сәйкес берілген тауарға ақы тӛлеу міндетін 
орындамаса, сатушы одан тауар ақысын тӛлеуді және басқа 
біреудің ақшасын пайдаланғаны ҥшін тҧрақсыздық айыбын 
тӛлеуді талап етуге қҧқылы.


160 
Сатып алушының тауарға ақы тӛлеу міндеттемесіне шартпен 
немесе заңнамамен сәйкес талап етілетін, тауарға ақы тӛлеуді 
жҥзеге 
асыруға 
мҥмкіндік 
беретін 
(шартпен 
кӛзделген 
аккредитивті ашу, банктік кепіл беру және т.б) шараларды жҥзеге 
асыру және қандайда бір нысандылықтарды сақтауды қамтамасыз 
ету кіреді. Сатып алушы шартпен анықталған немесе шартпен 
белгіленген тәртіпте (әдіспен) есептелген баға бойынша тауарға 
ақы тӛлеуге міндетті. Егер шартта баға кӛзделмесе сатып алушы 
ақы тӛлеу міндетін шарт жасасу кезінде осыған ҧқсас жағдайларда, 
әдетте, осы сияқты тауарлар ҥшін алынатын баға бойынша жҥзеге 
асыруы тиіс.
Егер сатып алушы шартты бҧза отырып, тауарды 
қабылдаудан немесе оған ақы тӛлеуден бас тартса, сатушы ӛз 
таңдауы бойынша тауарға ақы тӛлеуді, сонымен қатар орындауды 
кешіктіру салдарынан келтірілген шығынның орын толтыруды 
талап етуге немесе келтірілген шығындардың орнын толтырта 
отырып шартты бҧзуға қҧқылы.
Тауарға алдын ала ақы тӛлеумен байланысты мәселелер 
арнайы реттеледі (ҚР АК 440, 453-б.). Егер есеп айырысудың 
осындай тәртібі шартпен белгіленсе, бірақ оған қарамастан сатып 
алушы ӛз міндетін орындамаса, онда сатушы тауарды беруден бас 
тарту немесе ӛз міндеттемелерін орындауды тоқтата тҧру 
қҧқығына ие болады. Егер сатушы ақысы алдын ала тӛленген 
тауарды беру жӛніндегі міндетін орындамаса, сатып алушы 
сатушыдан ақысы тӛленген тауарды беруді талап ету немесе 
алдын ала тӛленген ақыны қайтаруды талап етумен қатар, басқа 
біреудің ақшасын пайдаланғаны ҥшін тҧрақсыздық айыбын 
тӛлеуді талап етуге қҧқылы.
Сатып алу-сату шартымен тауарды кредитке сату жағдайлары 
да қарастырылуы мҥмкін, яғни тауарға ақы тӛлеу ол сатып 
алушыға берілгеннен кейін белгілі бір уақыттан соң жҥзеге 
асырылады. Мҧндай жағдайда сатып алушы тауарға ақы тӛлеуді 
шартта белгіленген мерзімде жҥзеге асыруы тиіс. Кредитке 
сатылған тауарға ақы тӛлеу мерзімі шартта кӛзделмесе, сатып 
алушы тауарға ақы тӛлеуді ол берілген кезден кейін ақылға 
қонымды мерзімде жҥргізуі тиіс, ал ол мерзім ӛткен соң 


161 
сатушының берілген тауарға ақы тӛлеу туралы талап еткен кҥннен 
бастап жеті кҥн мерзімде тӛлеуге тиіс (ҚР АК 441-б.). 
Сатып алушының белгіленген мерзімде кредитке сатылған 
тауарға ақы тӛлеу міндетін орындамауы, сатушыға одан берілген 
тауарға ақы тӛлеуді немесе берілген, бірақ ақысы тӛленбеген 
тауарды қайтарып беруді талап етуіне қҧқық береді. Сонымен 
қатар, тауар ҥшін тӛленуге жататын сомаға ҚР АК 353-бабында 
кӛзделген айыпақы қосылады. Аталмыш айыпақы сатып 
алушымен тауарға ақы тӛленуге тиісті кҥннен бастап тауарға 
нақты ақы тӛленген кҥнге дейін қосылады.
Тауарды кредтике сатып алу-сату шартының тағы бір 
ерекшелігі тауарлар сатып алушыға берілген кҥннен бастап және 
оларға нақты ақы тӛленгенге дейін сатушының кепілінде болады 
деп танылатындығында. Сәйкесінше, сатып алушы осы тауарларға 
ақы тӛлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, сатушы басқа 
несие берушілердің алдында артықшылықпен сол тауар есебінен 
ӛндіріп алуды жҥзеге асыруы мҥмкін.
Тауарды кредитке сату туралы шартымен тауарға тӛлемді 
бӛліп-бӛліп тӛлеу ережесі кӛзделуі мҥмкін. Аталмыш шарттың 
ерекшелігі оның елеулі ережелері тауар бағасы, ақы тӛлеу тәртібі, 
мерзімі және мӛлшері болып табылатындығында.
Тауарды кредитке сату туралы кез келген шарт бойынша 
сатушы иеленетін қҧқықтармен қатар, мҧндай шартта тӛлемді 
бӛліп-бӛліп тӛлеу туралы ереже болса, әрі сатып алушы шартпен 
белгіленген мерзімде тауар ҥшін кезекті тӛлемді жҥзеге 
асырмайтын болса, сатушыда шартты орындаудан бас тарту 
қҧқығы және сатылған тауарды қайтаруды талап ету қҧқығы пайда 
болады.
Алайда, сатып алушыдан алған тӛлем сомасы тауар 
бағасының жартысынан асатын жағдайда бҧл қҧқық сатушымен 
жҥзеге асырыла асырылмайды.
Жалпы тәртіп бойынша тауарға меншік қҧқығы, оған қоса 
тауардың кездейсоқ жойылу қаупі мен кездейсоқ бҥліну қаупі 
тауар берілген кезден бастап сатып алушыға ауысады. Алайда, ҚР 
АК тауардың ақысы тӛленгенге дейін немесе ӛзге бір мән-жайлар 
басталғанға дейін сатушының сатып алушыға берілген тауарға 


162 
меншік қҧқығы сақталатындығы туралы талабы бар сатып алу –
сату шартын жасауға мҥмкіндік береді. Меншік қҧқығының 
сатушыда сақталады дегеніміз, сатып алушының ӛзіне меншік 
қҧқығы кӛшкенге дейін тауарды иеліктен айыруға немесе оған 
ӛзгеше тҥрде билік етуге қҧқығы жоқ дегенді білдіреді.
Оған қоса, тауардың меншік иесі болып қалған сатушы, сатып 
алушыдан берілген тауардың ақысы шартта кӛзделген мерзімде 
тӛленбеген немесе меншік қҧқығы сатып алушыға кӛшетін ӛзгеде 
мән-жайлар басталмаған жағдайларда, тауарды ӛзіне қайтаруды 
талап етуге қҧқылы.
Сатып алу-сату шартының тҥрлеріне бӛлшектеп сатып алу-
сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу, энергиямен 
жабдықтау және кәсіпорынды сату шарттары жатады.
Тауар сату жӛніндегі кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыратын 
сатушы бӛлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға 
кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке ӛзіне, 
отбасында, ҥйінде немесе ӛзгеде пайдалануға арналған тауарларды 
беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-б.). 
Тауар жеткізілімі шарты бойынша, кәсіпкер болып табылатын 
сатушы (тауар беруші) сатып алушыға ӛзі ӛндіретін немесе сатып 
алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке ӛзіне, 
отбасына, ҥй ішіне және сол сияқты ӛзгеде пайдалануға 
байланысты емес ӛзге мақсаттарға пайдалану ҥшін келісілген 
мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді (ҚР АК 458-б.). 
Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауылшаруашылық 
ӛнімін ӛндіруші ӛзі ӛсірген (ӛндірген) ауылшаруашылық ӛнімін – 
ҧқсату немесе сату ҥшін осындай ӛнімді сатып алуды жҥзеге 
асыратын дайындаушы-тҧлғаға беруге міндеттенеді (ҚР АК 478-
б.). 
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен 
жабдықтаушы ҧйым абонентте (тҧтынушыға) жалғанған желi 
арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия 
ҥшiн ақы тӛлеуге, сондай-ақ оны тҧтынудың шартта кӛзделген 
режимiн сақтауға, ӛзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн 
пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тҧтынуға байланысты 


163 
пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын 
қамтамасыз етуге мiндеттенедi (ҚР АК 482-б.). 
Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тҧтас алғанда, 
кәсiпорынды мҥлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне 
беруге мiндеттенедi,
бҧған сатушы басқа тҧлғаларға беруге 
қҧқығы болмайтын қҧқықтар мен мiндеттер қосылмайды (ҚР АК 
493-б.). 
Мҥлікті беру шарттардың тобына сатып алу-сату шартымен 
қатар айырбас және сыйға тарту шарты кіреді.
Айырбас 
шарты 
бойынша 
тараптардың 
әрқайсысы 
шаруашылық жҥргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың 
меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi 
(ҚР АК 501-б., 1-т.). 
Қазіргі азаматтық айналымда айырбас шарты шекті тҥрде 
қолданылады. Айырбас шартын қҧқықтық реттеуде тиісінше 
сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады, ӛйткені ол 
айырбас мәніне қайшы келмейді (ҚР АК 501-б., 2-т.). Алайда, 
экономикалық тҧрғыдан сатып алу –сату шарты тауарды тауарға 
(ақшаны) айырбастаудың жеке жағдайы болып табылады, 
қҧқықтық тҧрғыдан айырбас шарты сатып алу-сату шартының 
ҥлгісінде қҧрастырылған. Бҧл орайда тараптардың әрқайсысы 
тауарды беруге міндеттенетін сатушы деп және айырбастап алуға 
міндеттенетін сатып алушы деп танылады (ҚР АК 501-б., 2-т.). 
Айырбас шарты консенсуалды (алайда, Рим қҧқығында ол 
нақты болған), ақылы және ӛзара болып табылады. Оның сатып 
алу-сатудан айырмашылығы бір қарағанда, айдан анық, яғни 
мҧнда «сатып алу бағасы» ретінде ақша емес, ал тауар тҥседі. 
Алайда, айырбасталатын тауарлардың қҧны бір-біріне тең келмесе, 
тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап 
бағадағы айырманы тӛлеуге тиіс (ҚР АК 502-б., 2-т). Осы орайда 
бір жағынан тауар екінші жағынан тауар және оған қоса ақша 
айырбасқа тҥседі.
Ӛз кезегінде сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға 
тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты 
немесе ӛзіне немесе ҥшінші адамға мҥліктік қҧқықты (талапты) 
тегін береді немесе беруге міндеттенеді не оны ӛзінің немесе 


164 
ҥшінші тҧлғаның алдындағы мҥліктік міндеттен босатады немесе 
міндеттенеді (ҚР АК 506-б.). 
Кеңес дәуірі кезінде сыйға тарту шарты нақты және шарттың 
пәні болып тек қана зат болатын болса, қазіргі әрекет етуші 
заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты нақты әрі консенсуалды бола 
алады. Сыйға тарту шартында сыйға тарту туралы уәде кӛзделсе, 
шарт консенсуалды болып танылады. Ақысыздық - шарттың басты 
жіктеуші белгісі, алайда ол сыйды алушы кез келген мҥліктік 
міндеттен бос дегенді білдірмейді. Тікелей кӛзделген жағдайларда 
ғана сыйға тарту оны жалпы пайдалы мақсатында пайдаланумен 
негізделуі мҥмкін, оның ішінде қандай да бір белгілі мақсаты 
бойынша (қайырмалдық) (ҚР АК 516-б., 1-т.). Сыйды алушының 
мҧндай міндетті пайдалануы қарсы ҧсыныс болып табылмайды, 
себебі ол сыйға тартушының ӛзіне бағытталмаған. Ол аз болса да 
немесе кӛп болса да ҥшінші тҧлғалар тобына бағытталған. Сыйға 
тарту шарты бір жақты шарт болып табылады, яғни сыйға 
тартушыға сыйды алушыға сыйды беру бойынша міндеті 
жҥктеледі (консенсуалды шартта) және сыйды алушыда сыйды 
қабылдау немесе одан бас тарту қҧқығы пайда болады.
Мҥлікті беру бойынша шарттардың тобына кіретін тағы бір 
шарт – рента шарты. Рента шарты бойынша бір тарап (рента 
алушы) екінші тараптың (рента тӛлеушіге) меншігіне мҥлік береді, 
ал рента тӛлеуші алған мҥлікке айырбас ретінде рента алушыға 
белгілі бір ақша сомасы тҥрінде немесе оны ҧстау ҥшін ӛзге де 
нысанда қаражат беру тҥрінде мезгіл-мезгіл рента тӛлеп отыруға 
міндеттенеді (ҚР АК 517-б., 1-т.).
Рента шарты бойынша рента тӛлеуші ретінде қатысуға 
кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне тыйымның жоқтығына 
қарамастан, шынайы ӛмірде шарт тарабы ретінде кәсіпкердің 
қатысуымен жасалған рента шарты жоқтың қасы.
Бҧрынғы меншік иесіне немесе басқа тҧлғаға ақшалай немесе 
ӛзгеде нысанда (рента) қаражат тӛлеу арқылы мҥлікті иеліктен 
шығарумен байланысты қатынастарды реттеуші ережелер 
қазақстандық азаматтық заңнамада алғаш пайда болғанына кӛп 
болған жоқ. Ренталық қатынастардың шынайы ӛмірде кӛптеп 
пайда болуы, оның заңдық тҧрғыдан реттеу қажеттілігі едәуір ӛсті. 


165 
ҚР АК 28-тарауының нормалары пайда болған бос кеңістікті 
толтырып және қарастырылып отырған аумаққа қажетті тәртіпке 
келтірді.
Заңды табиғаты бойынша рента шарты нақты, бір жақты және 
ақылы шарт болып табылады. Рента шарты мҥлікті иеліктен 
айырумен байланысты шарттардың қатарына жатады, сол себепті 
олармен ҧқсас бір қатар белгілерге ие (сатып алу-сату, сыйға 
тарту, айырбастау шарттары). Осы шарттардың ҧқсастығы заң 
шығарушыға мҥлікті берумен және оған ақы тӛлеумен байланысты 
рента шартының тараптарының қатынасына сатып алу-сату 
туралы ережелерді (ҚР АК 519-б., 2-т.) қолдануға, ал мҥлік тегін 
берілетін жағдайларда сыйға тарту шартының ережелерін (ҚР АК 
519-б., 2-т.) қолдануға мҥмкіндік берді. Аталмыш ережелер 
ренталық қатынастарға ҚР АК 28-тарауының ережелерінде ӛзгеше 
белгіленбесе және шарттың мәніне қайшы келмесе қолданылады 
(ҚР АК 519-б., 2-т.). ҚР АК ренталық шарттың 3 тҥрін бӛліп 
қарастырады: тҧрақты рента (ҚР АК 28-тарауы, 2-параграф), 
ғҧмырлық рента (ҚР АК 28-тарауы, 3-параграф), ӛмір бойы 
асырауда ҧстау шарты (ҚР АК 28-тарауы, 4-параграф). Жоғарыда 
кӛрсетілген рентаның тҥрлері ӛзара бір қатар жеке белгілерімен 
ажыратылады. 
Рента 
шартының 
жоғарыда 
кӛрсетілген 
бӛліністермен қатар, заңнама рента шартын, орнына бҧрынғы 
меншік иесіне немесе онымен кӛрсетілген ӛзге де тҧлғаға қандайда 
бір рентаның тҥрі берілетін, рента тӛлеушіге берілетін мҥлік 
қандай бастаулардың негізінде беріледі сол бойынша, яғни ақылы 
немесе ақысыз бӛлінуін қарастырады.
Мҥлікті беру бойынша шарттардың ҥлкен тобын барлық 
тҥрлерімен қоса мҥлік жалдау шарты және мҥлікті тегін пайдалану 
(ссуда) шарты қалыптастырады.
Мҥлікті жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға 
алушыға мҥлікті ақы тӛлеп, уақытша иеленуге және пайдалануға 
беруге міндеттенеді (ҚР АК 540-б., 1-т.) 
Аталмыш шарт консенсуалды, ӛзара және ақылы болып 
табылады. Жалға алушыда жалға алынған мҥлікті пайдалану 
қҧқығы болады. Бҧл жалға алушының басты қҧқығы. Пайдалану 
дегеніміз заттан оның заттық субстанциясын ӛзгертпей (сондықтан 


166 
шарттың пәні тҧтынылмайтын шарттар болып табылады) пайдалы 
табиғи қасиеттерін алу, сонымен қатар жемістері мен пайда 
кірістерін алу екенін тҥсініп алу қажет. Жалпы тәртіп бойынша, 
жемістер, ӛсімдер және табыстар. Жалға алынған мҥлікті 
пайдалану нәтижесінде алынған жемістер, ӛнімдер және табыс 
кірістер жалға алушының меншігіне ӛтеді (ҚР АК 554-б.). 
Алайда, заңмен немесе шартпен ӛзгеше жағдай кӛзделуі мҥмкін, 
ал нақтырақ айтар болсақ пайдалану барысында алынған жемістер, 
ӛнімдер және табыстар жалға берушінің немесе ҥшінші тҧлғаның 
меншігіне ӛтеді деп кӛзделуі мҥмкін.
Жалға алынған мҥлікті пайдалану қҧқығына оның қҧрамдас 
бӛлігі ретінде осы мҥлікті меншігіне сатып алу қҧқығы кіруі 
мҥмкін (ҚР АК 562-б.). Заңда немесе мҥлікті жалға алу шартында 
жалға алынған мҥлік жалға алушының меншігіне жалға алу 
мерзімі аяқталғаннан кейін немесе шартпен кӛзделген барлық 
сатып алу бағасын жалға алушы енгізу барысында мерзімі 
аяқталғанға дейін ӛтеді деп белгіленуі мҥмкін. Бҧл жерде мына 
жағдайды ескеру қажет, мҥлікті жалдау шартында сатып алу-сату 
шартының кейбір элементтері болғанымен, ол аралас шарттардың 
қатарына 
жатпайды. 
Сатып 
алу-сатумен 
салыстырғанда, 
болашақта сатып алумен мҥлікті жалдау барысында жалға алынған 
мҥлікке меншік қҧқығы жалға алушыға шартты жасасу кезеңінде 
кӛшпейді.
Лизинг шарты, ҥйлер мен ғимаратарды жалдау, кӛлік 
қҧралдарын жалдау, кәсіпорынды жалдау, прокат және тҧрғын 
ҥйді жалдау шарттары мҥлікті жалдау шартының тҥрлері болып 
табылады.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы 
кӛрсеткен мҥлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг 
алушыға осы мҥлікті ақы тӛлеп уақытша иеленуге және 
кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді (ҚР АК 565-
б., 1-т.) 
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға 
алушыға кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыруы ҥшін кәсіпорынды 
ақы тӛлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен 
біртҧтас мҥліктік кешен ретінде пайдалануға, оның ішінде қҧқық 


167 
иесінің фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгісіне, 
қорғалатын коммерциялық ақпаратқа қҧқығын, сондай-ақ жалға 
берушінің басқа тҧлғаларға беруге қҧқығы жоқ қҧқықтар мен 
міндеттерді қоспағанда, шартта кӛзделген басқа да айрықша 
қҧқықтағы объектілерді – тауар белгісін, қызмет кӛрсету белгісін 
және т.б. (айрықша қҧқықтар кешенін) беруге міндеттенеді (ҚР АК 
573-б., 1-т.) 
Ҥйді немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға беруші 
ҥйді немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуіне және 
пайдалануына беруге міндеттенеді (ҚР АК 581-б., 1-т.). 
Кӛлік қҧралын (уақытша кеме жалдау) басқару және 
техникалық пайдалану бойынша қызмет кӛрсетуі мен жалдау 
шарты (кӛлік қҧралын экипажымен жалдау шарты) бойынша 
жалға беруші жалға алушыға ақы тӛлетіп кӛлік қҧралын уақытша 
иелену мен пайдалануға беруге және ӛз кҥшімен оны басқару мен 
техникалық пайдалану бойынша қызмет кӛрсетуге міндеттенеді 
(ҚР АК 585-б., 1-т.).
Прокат шарты бойынша тҧрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде 
қозғалатын мҥлікті жалға беруді жҥзеге асыратын жалға беруші 
жалға алушыға мҥлікті ақы тӛлетіп, уақытша иеленуге және 
пайдалануға беруге міндеттенеді (ҚР АК 595-б., 1-т.) 
Тҧрғын ҥй заңнамасының негізгі институты және мҥлікті беру 
бойынша азаматтық-қҧқықтық шарттардың бірі болып тҧрғын ҥйді 
жалдау шарты танылады.
1997 жылғы 16 сәуірдегі Тҧрғын ҥй қатынастары туралы 
Заңның 23-бабына сәйкес меншік иесі ӛзі тҧратын тҧрғын ҥйді 
немесе негізгі бағыты тҧрақты немесе уақытша тҧру ҥшін жалға 
алушыға беру болып табылатын тҧрғын ҥйді жалға беруге қҧқылы. 
Тҧрғын ҥйде тҧру талаптары (жалдау мерзімі, ақы тӛлеу мӛлшері, 
жӛндеу жҧмыстарын жҥргізу бойынша міндетерді бӛлу, жалға 
алушыны ҥйден шығару негіздемелері және тағы сол сияқты) 
тҧрғын ҥй заңнамасымен, сонымен қатар жалға беруші мен жалға 
алушының арасындағы шартпен анықталады. Тҧрғын ҥй жалға 
берілетін тҧлғаларды таңдау меншік иесімен жҥзеге асырылады.
Тҧрғын ҥйді жалдау шарты бойынша тҧрғын ҥйдің иесі 
немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға 


168 
алушыға) және оның отбасы мҥшелеріне тҧрғын ҥйді ақы тӛлеп 
пайдалануға беруге міндеттенеді (ҚР АК 601-б., 1-т.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет