173
жеміс сақтаушылармен, элеваторлармен, мҧнай базаларымен және
т.б. жасалады.
Сақтаушының рӛлінде қатынасқа тҥсетіндерге байланысты
кәсіби және кәсіби емес сақтау деп те бӛлінеді. Кәсіби сақтау
бойынша қызмет кӛрсету сақтауды жҥзеге асыру кәсіби қызметін
жҥргізудің бірден-бір мақсаты болып табылатын кез келген
коммерциялық ҧйым немесе коммерциялық емес ҧйыммен
кӛрсетіледі.
Сақтау шартының пәні сеніп тапсырылған мҥліктің
сақталуын
қамтамасыз ету бойынша сақтаушының іс қимылы-қызметі болып
табылады.
Сақтау шартының тараптары жҥк беруші және сақтаушы
болып танылады. Жҥк беруші ретінде кез келген жеке тҧлға
немесе заңды тҧлға болуы мҥмкін, оған қоса мҥліктің меншік
иесінің болуы міндетті емес, яғни уәкілдік алған тҧлғада (жалға
алушы,
тасымалдаушы, мердігер және т.б.) жҥк беруші бола
алады. Жекелеген жағдайларда мҥлікті сақтауға тек белгілі бір
анықталған тҧлғалар ғана бере алады, мысалы, қонақҥйде сақтау
бойынша тек қонақҥйдің иелері ғана бере алады. Сақтаушы
ретінде де азаматтар мен заңды тҧлғалар болуы мҥмкін, алайда,
оларға заңнама бойынша белгілі бір талаптар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: