А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет98/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Сақтандыру шарты.
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап 
(сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын тӛлеуге мiндеттенедi, ал 
екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған 
кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру 
сомасы) шегiнде ӛзiнiң пайдасына шарт жасалған ӛзге тҧлғаға 
(пайда алушыға) сақтандыру тӛлемiн тӛлеуге мiндеттенедi (ҚР АК 
803 б.).
Сақандыру шарты ӛзара, ақылы болып табылады.
Сақтандыру шартының заңда (ҚР АК 803 б.) кӛрсетілген 
анықтамасына сҥйенетін болсақ, оны консенсуалды шарт деп 
тануға болады. Алайда, ҚР АК 827 б. сәйкес. сақтандыру шарты 
сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын тӛлеген кезден бастап, ал 
оны бӛлiп-бӛлiп тӛлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi 
сақтандыру туралы заң актiлерiнде ӛзгеше кӛзделмесе, бiрiншi 
сақтандыру жарнасы тӛленген кезден бастап кҥшiне енедi және 
тараптар ҥшiн мiндеттi болады, яғни бҧл нақты шарттың шынайы 
кӛрінісі. Дегенмен, онда заңды кҥшіне барлық елеулі ережелері 
бойынша келісімге келген сәттен бастап енеді деп кӛзделуі 
мҥмкін. Онда сақтандыру сыйлық ақысын тӛлеу тараптармен 
алдында жасалған консенсуалды сақтандыру шартын орындау 
ҥшін тӛленеді.
Сақтандыру шарты тәуекелді шарттардың қатарына жатады, 
яғни оларда қандай да бір қҧқықтар мен міндеттердің пайда болуы, 
ӛзгеруі және тоқтатылуы міндеттеме тараптары ҥшін кездейсоқ 
болатын жағдайлардың (оқиғалардың) туындауымен байланысты. 


180 
Сақтандырушының сақтандыру сыйлық ақысын тӛлеу міндеті 
бірден 
және 
барлық 
сақтандыру 
шарттарында 
жҥзеге 
асырылмайды, ал тек сақтандыру жағдайы туындағанда ғана 
жҥзеге асырылады. Сәйкесінше сақтандырушы бір жағдайларда 
эквиваленттік емес негізіде пайда алады, ал кейбір жағдайларда 
мӛлшері ол алған сыйақылардан жоғары болатын сақтандыру 
тӛлемін жҥзеге асыруға міндетті болады. Міне, осы жағдайлардың 
негізінде сақтандыру шартының тәуекелдік сипаты кӛрініс табады.
Сақтандыру қатынастары ҚР АК–нен басқа арнайы 
нормативтік қҧқықтық актілермен реттеледі, олардың бастысы 
болып 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі 
туралы» ҚР Заңы танылады.
Сақтандыру шартының субъектілері сақтандырушы және 
сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы - сақтандыруды 
жҥзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде 
сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған ӛзге тҧлғаға (пайда 
алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) 
шегiнде сақтандыру тӛлемін жҥргізуге мiндеттi тҧлға (ҚР АК 814 
б.). Сақтандыру ҧйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру 
қызметiн жҥзеге асыру қҧқығына лицензиясы бар заңды тҧлға не 
Қазақстан Республикасының ӛзара сақтандыру туралы заңнамалық 
актісіне сәйкес ӛзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола 
алады. Сақтанушы ретінде сақтандырушымен сақтандыру шартын 
жасасқан және сақтандыру тӛлемін енгізген тҧлға бола алады (ҚР 
АК 813 б.). Сақтандырылған адам - ӛзіне қатысты сақтандыру 
жҥзеге асырылатын тҧлға (ҚР АК 815 б.). Сақтанушы мен 
сақтандырылған тҧлға бір адам немесе бӛлек адамдар болуы 
мҥмкін.
Сақтандыру қатынастары бойынша сонымен қатар, келесідей 
субъектілер де кездесуі мҥмкін: пайда алушы (сақтандыру 
шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес 
сақтандыру тӛлемiн алушы болып табылатын тҧлға (ҚР АК 816 б. 
1 т.)), сақтандыру агенті
(берілген ӛкілеттіктеріне сәйкес бір 
немесе бірнеше сақтандыру ҧйымдарының атынан және 
тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жӛніндегі делдалдық 
қызметті жҥзеге асыратын жеке немесе заңды тҧлға), қайта 


181 
сақтандырушы және қайта сақтанушы (ӛзі қабылдаған сақтандыру 
тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жҥзеге асыратын 
сақтандыру 
немесе 
қайта 
сақтандыру 
ҧйымы). 
Қайта 
сақтандырушы қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелінің 
жартысымен қатар сақтандыру жарнасының жартысын ӛзіне қоса 
алады (ҚР АК 824 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет