А. С. Макаренко атындағы орта мектебінің орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова Раш Бакытовна сыныбы 7



Дата11.01.2017
өлшемі29,93 Kb.
#7384
Арқалық қаласы,Ашутасты ауылы

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің

орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Жунусова Раш Бакытовна

сыныбы 7«Б»

»

Сабақ тақырыбы Ұлттық аспаптар



Кезектес салалас

Білімділік мақсаты: жаңа тақырыпты оқушыларға өз бетінше оқытып, меңгерту. Кезектес салалас сөйлемнің басты белгілерін ажырата білу.

Тәрбиелік: білімді өздігінен игеруге тәрбиелеу, оқушылардың рухани - эстетикалық талғамын дамыту, музыкаға қызықтыру.

Дамытушылық: алған білімдерін өмірде пайдалана білуге ықпал жасап, қазақ тілінде сөйлеу білігін дамыту, сөздік қорды молайту.

Сабақтың түрі : жаңа білімді игеру

пәнаралық байланыс:тарих,музыка, әдебиет

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй жұмысы
ІІІ Жаңа сабақ
Жетекші сұрақтар арқылы жаңа сабаққа көшу.

  1. Қандай музыкалық ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  2. Қазақтың атақты күйшілерін атаңдар?

  3. Қазақ күйшілерінің қандай күйлерін білесіңдер?

  4. Оқулықпен жұмыс.

А) Домбыра мәтіні

Ә) Музыка аспаптары.

Кезектес салалас жай сөйлемдеріндегі іс - қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салаластың түрі.

Жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде.



  1. Оқып, өз түсінгеніңді айт.

  2. Ерекшелігін ата.

3 Ұқсас жақтары.

  • Жаттығу жұмысы:

Асқар домбырамен біресе ән айтты, біресе күй тартты.

Теледидардан кейде концерт көрсетеді, кейде қызықты бағдарлама көрсетеді.

Күй ойналады. «Адай» күйі.

Күйді тыңдағанда алған әсерлерің, күйге байланысты өздеріңнің пікірлеріңді білдіріңдер.

Күй тыңдағанда көз алдыма қазақтың кең даласы елестеді. Жалпы бұл шығарма музыка өнерінің ең жоғарғы төрінен орын алады. Өзім күй тыңдауды өте жақсы көремін.

Бұл күйді орындаушы эстрадаға қосып, тартты. Оған мен келіспеймін, өйткені мұнда батысқа еліктеушілік бар.

Біз яғни, қазіргі жастар өне бойы шетел музыкасын тыңдай бермей, бір уақыт қазақ тілінде әнді, күйді тыңдап, бағалап, мақтан етуіміз керек.

Сан ғасырлықы тарихы бар музыка аспаптары , музыка өнері атақты күйшілердің орындаушылардың арқасында мәңгі жасай бермек.



ІІІ. Шығармашылық жұмыс.

  1. Өлең ұйқасын табыңдар.

  1. Жұмбақ жауабын шешіп, кезектес салалас шылауын көрсетіндер.

3 Сәйкестендір.

Өлең ұйқасын табыңда

Арманым – ең жоғары алсам білім,

Үйренсем ұлы ақын Абай тілін.

Күйлерін Құрманғазы, Динаның,

Домбырада шебер тартсам деймін.

Жұмбақтың шешуін табыңдар

Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,

Кейде орта, кейде толы сары тегене.

Тұнық пен лайдың арасынан,

Бір аққу шықты қанат кере.

(Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан, Күн)‏



Музыкалық аспаптарды ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа сәйкестендір.

Шекті аспаптар дабыл, асатаяқ, желбуаз

Үрлемелі – уілдек домбыра, қобыз, жетіген

Дабылды – шулы сырнай, ауызсырнай

Сарнамалы сыбызғы, сазсырнай, керней

Бекіту: кесте бойынша сұрақ-жауап

Үй тапсырмасы: атақы күйшілер туралы реферат жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет