А.С.Макаренко атындағы орта мектеп
Өткізген:Молдабек Ә.Р.
2013-2014оқу жылы
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді.Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз.Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей: 1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу, 2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді: 1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар; 2.нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл – ой әрекетін белсендіруге,сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Оқу еңбегінің қаруы – ой.Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және білімділікке үйренеді.Сондықтан математика сабағындағы ойын арқылы білімін шыңдап ой өрісін кеңейте алады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді , мінез- құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Деңгей бойынша сараптау ой еңбегінің дамуына байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1- топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ
Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ
Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.
Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.
Оқу материалын қорытындылап , бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар беріледі.Мысалы, математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың «Туынды» тақырыбы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, орташаларға кестені құруды,ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толтыруды тапсыруға болады.
Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын : тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды.Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады . Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.
Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу , сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Жоспар
1 сынып жетекші жекелей әңгіме өткізу арқылы оқушының үлгере алмаушылық себебін анықтау, психологқа (жұмыс түрлері: оқушылардың сауалдамасы, ата-аналар, әңгімелесу) мүмкіндігінше хабарлау.
· болған себептерін ескеру
· сабақтарды жіберу (себепті, себепсіз себептеріне байланысты)
· үйде дайындығының жеткіліксіздігі
· қабілетінің төмендігі
· сабаққа енжерлығы
· сабақта бағаның шынайы қойылмауы
· үй тапсырмасының көлемінің көптігі
· оқу материялының қиындығы
· басқа да себептер
2. Егер үлгере алмаушылық сабақты жіберу себебінен болса, сынып жетекші жіберудің себептерін (себепті, себепсіз) анықтау керек.
Негізгі себептермен саналады:
а) Науқасына, ата-аналардың кемінде 3 күн жазбашахатымен немесе дәрігердің бекіткен анықтамасымен
б) Іс-шаралар, іс-шараларды өткізуші мекеменің бекіткен бұйрығымен, шақыруымен, анықтамасымен
в) Сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің ескертуімен оқушының сабақта өзін нашар сезінген жағдайда босатады
г) Отбасы жағдайына байланысты (мектеп директоры атына арызы бойынша)
Белгісіз себептері саналады:
а) Оқушының сабаққа белгісіз себептерін анықтайтын рұқсат қағазы немесе тиісті құжаттары болмауы.
Сынып жетекші ата-аналарына сабақтан жібергендігі туралы оқушының күнделігіне жазады, ата-аналармен әңгімелесу арқылы (егер бірнеше рет жіберсе), шағын педкеңес арқылы (егер жүйелі түрде жіберсе) хабарлайды.
3. Үй тапсырмасын дұрыс орындамаған жағдайда немесе сабақта жұмысты толық торындамаса сынып жетекшісі психологтың көмегімен оқушының ата-анасымен алдын алу жұмыстарын өткізеді.
4. Сынып жетекшісі үй тапсырмасының көлемін пән мұғалімдерімен талқылайды немесе директормен, оқу ісі меңгерушісімен үй тапсырмасының көлемін тиісті нормаға сәйкестігін тексереді.
5. Үлгерімі нашар оқушылармен сынып белсенділер тарапынан көмекті ұйымдастыр.
Оқушының қызметінің бағдарлама:
Оқушы үй тапсырмасын орындауға міндетті, жазба жұмыстарын мұғалімге уақытылы көрсетеді.
Оқушы бір сабақ көлемінде жұмыс істеуге және сабақта тапсырмалармен жаттығулардың барлық түрін орындауы тиіс.
Оқушы жіберілген сабақтарын (себепті, себепсіз) өз бетінше оқу материалын зерттеуге, егер қиындық кездессе кеңесші мұғалімгі хабарласа алады.
Ата-аналар қызметінің бағдарламасы:
Ата-ана сынып жетекшісі мен мұғалімнің талабы бойынша мектепке келуге міндетті.
Ата-ана баласының мектепке келуін және үй тапсырмасын орындауын қадағалауға міндетті.
Ата-ана баласына науқасына байланысты немесе басқа да себептермен сабақта болмаған жағдайда пән мұғалімдерімен бірге немесе өз бетімен жіберілген оқу материалын меңгеруіне көмектесуге міндетті.
Ата-ана баласының төмен үлгерім көрсетсе, сабағына қатысуына құқылы.
Ата-ана мектеп әкімшілігіне психологқа, сынып жетекшісіне көмекке шақыруына құқылы.
Егерде ата-ана өз міндетінен бас тартса, кәмелетке толмағандар жөнінде және балалардың құқығын қорғау комиссиясы оның ата-анасына әкімшілік жазаға тарту мақсатында құжаттарды толтырады.
Психологтың қызметі:
Сынып жетекшісі оқушының төмен үлгерушілік себептерін анықтағанда мектеп психологы оқушының төмен үлгерушілік себептерін анықтайтын жүйелі әдістемені құрады.
Сараптама нәтижесін психолог әкімшілікке немесе сынып жетекшісіне талдау түрінде анықтама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |