А Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру



бет1/5
Дата23.10.2023
өлшемі29,22 Kb.
#187643
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Класс.час права


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының
Управление образования Павлодарской области акимата Павлодарской области
«Жоғары түсті металлургия колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Высший колледж цветной металлургии»

БЕКIТЕМIН/ УТВЕРЖДАЮ:
Директор орынбасары/
заместитель директора
____ ЖумабековаТ.Д.
«__» _______ 20 ж/г.


РАЗРАБОТКА СЦЕНАРИЯ ПРАЗДНИЧНОГО КОНЦЕРТА,
посвященного Дню защитника отечества
Ответсвенные:
Кулмаханов А.Е.
Жунусова А.Б.

Павлодар 2023

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру.
ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.
Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев.
Сабақтың барысы: Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық.
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
Н.Назарбаев. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:
-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды.
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды.
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары
туралы заңы қабылданды.
- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Ата Заңым бабалардың лебізі,
Ата Заңым барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата Заңда адамды
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам кұқы бостандығы, теңдігі –
Барлығын да қарастырған жан-жақты.
Ата Заңмен арайланған айналам,
Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.
Білім алам, еңбек етем, дем алам,
Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.
Ата Заңым - мемлекет айбыны,
Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны.
Туған жердің - Қазақстан елінің,
Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы баптарын саралап шығайық:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет