13. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
А) Ой тәртібі . В) Өкіну. С) Сендіру. Д) Мақұлдау. Е) Көңіл-күй.
14 Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Бізде бүгін алты сабақ болады. В) Ертең суық болады. С) Сен киноға барасың ба?
Д) Айман, сен келесің бе? Е) Бүгін жаңбыр жауды
15. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.
А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Көмектес септік.
16. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
А) Лепті сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Аралас құрмалас сөйлем. Д) Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Салалас құрмалас сөйлем.
17. «Менің атым Қожа» шығарманың авторы кім?
А) Ә.Сәрсенбаев В) Б.Соқпақбаев С) Ә. Тәжібаев Д) Ж . Руссо Е) М.Қашқари
18. Қазақ отбасы негізінен неше ұрпақтан тұрады?
А )үш В) бес С) алты Д) он бес Е) сегіз
Достарыңызбен бөлісу: |