А. С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Балтаев Нурлан Кенбайұлы Қазақ тілі, 7- сынып



бет15/15
Дата28.01.2018
өлшемі3,37 Mb.
#34471
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

3.Мәтінге ат қойыңыз.

Интернет-бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы.Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып,ауа райы туралы мәлімет алуға,қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.



4. Етістіктің шақтарын анықтаңыз

Ертең мен сабаққа бармақпын. Биыл Жанар жоғарғы оқу орынға түспекші.



5.Мақалды аяқта.

Шешеннің тілі- Шешеннің сөзі мерген,

Шебердің.... Шебердің.......

ҚАЗАҚ ТІЛІ, 7- СЫНЫП
4 – тоқсан

6 - нұсқа

А Блогі


Тапсырмаларды орындау тәртібі. Нұсқаның дұрыс жауабын таңдаңыз. Дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріпті белгілеңіз.

1. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.

А) кішкентай В) жеңіл С) әлсіз Д) ұсақ Е) аз



2. Тек тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Ең, өте, тым. В) Аш, әл, ет. С) Ал, жай, көр. Д) Есі-дерті, еш. Е) Ет, кет, аса.



3. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет екенін көрсетіңіз.

А)Компьютрелік үстел.В)Сайт.С)Телефон.Д)Модем.Е)Кітапша.



4. Испан тілінде қанша адам сөйлейтінін көрсетіңіз.

А)844 миллион.В)437 миллион.С)338 миллион.Д)125 миллион.Е)331 миллион.



5.Аударма сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз

А)Мәліметтер.В)Сөздердің аудармасы.С)Сөздердің жазылуы.Д)Сөздердің айтылуы.

Е)Сөздердің мағынасы.

6. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –еу. Е) –ні.



7. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.

А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Ағаш күрек. Д) Екі жолдас. Е) Жібек жолы.



8.Берілген өлеңнің авторын табыңыздар.

«Жүз-жүп сан ғой кәдімгі»,-

Деп санасам мен тізіп.

Мойындатар бәріңді:

«Жүз-сан есім» дегізіп.

А)Ө. Ақыпбеков.В)Қ. Мырза Әли.С)М. Мақатаев.Д)С.Торайғыров.Е)Абай Құнанбаев



9. Сөйлемді аяқтаңыз. Интернет Жер шарында орналасқан басқа компьютермен жылдам байланыстыратын.... торап.

А)Дүниежүзілік.В)Қалалық.С)Атақты.Д)Аудандық.Е)Аймақтық.



10. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Мезгіл. В) Қимыл-сын. С) Мақсат. Д) Себеп. Е) Мекен.



11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.

А) Құрмалас. В) Лепті. С) Сұраулы. Д) Жалаң. Е) Толымсыз



12.Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.



13. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.

А) Тыңда. В) Түнде. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.



14.Негізгі етістікті табыңыз.

А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.



15.Сан есім бар мақал-мәтелді табыңыз.

А)Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.В)Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

С)Отыз тістен шыққан сөз, отыз ру елге таралар.Д)Құлақтан кірген суық сөз, Көңіліне барып мұз болар.Е)Сөздің көркі мақал,жүздің көркі мақал.

16. Сөздердің аудармасын табыңыз. Ауқымды,жүйе, сақтау.

А)Потребитель,информационный,система.В)Непрерывно,система, нажежность.С)Возможности,оценить, система.Д)Удобный,принимать, контролировать.

Е)Обширный, система, сохранять.

17.Электронды пошта қай жылы пайда болғанын көрсетіңіз.

А) 1965 жылы.В)1994 жылы.С)1989 жылы.Д)1978 жылы.Е)1995 жылы.



18.Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыздар.Интернеттің ..... шексіз.

А)Уақыты.В)Байлығы.С)Құжаттары.Д)Сөздері.Е)Мүмкіндіктері



19.Шартты рай етістігін анықтаңыз.

А) Айтып келдім. В) Ойнап кел.С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Тыңдаса болды.



20. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Анықтауыш. В) Баяндауыш. С) Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Бастауыш



Б Блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Тапсырманы орындаңыз.Жауабын жауап парағының тиісті жеріне жазыңыз.

1.Сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз

модем Интернет Электронды пошта.


2. Артық сурет бойынша сөйлем құраңыз




3.Мәтінге ат қойыңыз
Модем-бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып алып, істер атқаруға мүмкіндік алады.
4Етістіктің шақтарын анықтаңыз

Мен интернетке шыққанмын.Самат интернет дүкені арқылы теледидарды сатып алған


5.Мақалды аяқта.

Піл көтермегенді..... Аңдамай сөйлеген,.......

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет