«а» сынып оқушысы Саттар Шырын Пікір Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылындағы орта мектептің «а» сынып оқушысы Саттар Шырынның «Табиғат әсемдігін бейнелеу»
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі Алматы облысы, Қарасай ауданы
Еңбекші ауылындағы орта мектебінің 5 «а» сынып оқушысы Саттар Шырын
Пікір Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылындағы орта мектептің 5 «а» - сынып оқушысы Саттар Шырынның «Табиғат әсемдігін бейнелеу» атты ғылыми жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың көкейкестілігін, мақсат міндеттерін және зерттелу деңгейін қарастырған. Зерттеу жұмысы барысында Саттар Шырын Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның шығармаларын жан – жақты сараптап, таңғажайып табиғаттың әсем бейнесін қылқалам үшымен көрсетуге болатынын дәлелді жазған. Суретші шығармашылығының алыс немесе жақын шетел көрмелерінде, Қазақстан бейнелеу өнерінде алтын орны мен өзіндік қолтаңбасын терең зерттеу арқылы А.Ғалымбаеванвң болмысын ашып көрсетуге талаптанған. Саттар Шырын Айша Ғалымбаеваның шығармашылығы арқылы эстетикалық және патриоттық сезімді дамыту жолдарын қарастырған. Яғни, суретші шығармашылығының рухани құндылықтарын тізбектей оны бейнелеу өнері пәнінде әнгіме сабақ өткізу арқылы мектепте эстетикалық және патриоттық тәрбие беру жолдары қарастырылған. Елбасы өзінің халыққа арналған жолдауында «Мәдени мұра» атты бағдарлама ұсынып, оның орындалуында керекті және нақты істерді атап көрсетті. Бұл бағдарламаның ұрпақ игілігі үшін деп президентіміз айтқандай, оның ұрпаққа арналуы оқу – білім беру ісімен айналысатындардың барлығы керек. Ал бейнелеу өнері пәнінің мазмұндақ және мағналық мәнін ашуда бұл бағдарламаның алатын орны ерекше. Сондықтан да ұсынылып отырған ғылыми зерттеу жұмысының құндылығы Ғалымбаева Айша Ғарифқызының шығармаларындағы ұлттық көркем образдардан ата – бабамыздан келе жатқан эстетикалық, патриоттық сезім сияқты тәрбиенің негізгі катигорияларын құрап мәдениетін артыратын осындай ғылыми зерттеу жұмыстары өз деңгейінде бағаланса деген тілегіміз бар.