А. Соловьева, Б. Ибраимова


Адам үшін есту мүшесінің маңызы зор



Pdf көрінісі
бет195/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Адам үшін есту мүшесінің маңызы зор. 
Әсіресе сөйлеу пайда болғаннан 
кейін оның маңызы арта түсті. Сөзді біз тікелей есту мүшесі арқылы 
қабылдаймыз. Сонымен қатар есту арқылы қоршаған орта дыбыс тар 
әлемінен алуан түрлі ақпарат аламыз.
есту мүшесінің гигиенасы. 
Есту мүшесі қалыпты жұмыс істеу үшін 
оның гигиенасын сақтау керек. Есту жолының түбінде құлық бөлетін без-
дер бар. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң-тозаң 
зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. 
Дегенмен құлақта құлық көбейсе, адам жақсы естімей қалуы мүмкін. 
Сондықтан құлықты тазалап тұрған жөн. Құлақты тазалағанда үшкір, 
қатты заттарды пайдалануға болмайды. Себебі дабыл жарғағын зақымдап 
алу мүмкін.
Сонымен, есту мүшесіне қатты шу кері әсер етеді. 
Қала тұрғындарының дабыл жарғағына қатты шудан үнемі жүктеме 
түседі. Тауда өмір сүретін 70 жастағы адамның есту қабілеті қалада 
тұратын 20 жастағы адамның есту қабілетіне сәйкес келетіні анықталған. 
Егер қартайғанша қалыпты есту қабілетін сақтағың келсе, қатты шудан 
сақтаныңдар. Құлақтарыңды күтіңдер.
Сыртқы­ құлақ,­ құлақ­ қалқаны,­ есту­ жолы,­ дабыл­ жарғағы,­
ортанғы­құлақ;­есту­немесе­Евстахий­түтігі;­есту­сүйекшелері:­
балғашық,­төстік,­үзеңгі;­ұлудене,­ішкі­құлақ,­жартылай­иірім­
өзектер,­вестибула­аппараты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет