А. Соловьева, Б. Ибраимова


§42. Эндокринді безінің қызметі және



Pdf көрінісі
бет206/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§42. Эндокринді безінің қызметі және 
оларға байланысты аурулар
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған 
ауруларды атау
Эндокринді бездер ағзаның басқа да мүшелері сияқты ауруға 
шалдығуы мүмкін. Олардың қызметінің бұзылуын үлкен екі топ қа 
бөлуге болады:
Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе 
гиперфунк­ция
, мөл-
шерінен аз бөлінсе
гипофункция­
деп атайды. Гормондардың мөлшерден 
тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің 
ги-
пер
және 
гипофункциясы­
қауіпті ауру тудыруы мүмкін. ішкі сек-
реция бездеріне гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы бездері, 
айырша без, бүйрекүсті бездері және т.б. бездер жатады.
гипофиз
– негізгі ішкі секреция безі (95-суретті қараңдар). Ол 
аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні 
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5–0,65 г-ға жетеді. 
Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа 
бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің 
сома-
тотропин
(өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. 
Өсу­гормо-
ны
қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. 
Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы 
өспей, 
ергежейлілік
пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гипер-
функция) 
алыптық­ауруына
шалдығады. Адамның сүйектері 25 жасқа 
дейін ұзарып өседі. 
Акромегалия
– ересек адамдарда өсу гормонының көп 
бөлінуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ 
және бет сүйектері ұзарып өседі.
қалқанша без 
тироксин
гормонын бөледі (96-сурет). Тироксин гор-
моны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де 
ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырма-
са, 
эндемиялық­зоб­
ауруына шалдығады.
­
Бұл
­–­
қалқанша безінің ісінуі. 
Жас балаларда йодтың жетіспеуінен 
кретинизм
ауруы пайда болады. 
Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Оның 
қызметіне байланысты ағзада қоректік заттар қорға жиналады (ағзаға 
қажетті нәруыздар, майлар түзіледі) немесе ыдырап энергия түзіледі.
Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, қоректік заттардың 
барлығы қорға жиналады. Соның салдарынан 
микседема
ауруы пай-
да болады. Адам семіреді. Оның дене температурасы 35°С болып, үнемі 
тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе береді. 


171
Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте 
көп бөлігі энергияға жұмсалады. Содан Базедов (бадырақ көз) ауруы 
пайда болады. Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі 
жиі соғып, тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37–38°С бола-
ды, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы 
ағзаға сіңбейді. Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бақырайып 
кетеді. Мұндай адамдардың жүрегі және басқа да мүшелері тез ауруға 
шалдығады. Қазақстанда қалқанша безi ауруларының санын азайту мақ-
сатында йод тапшылығының алдын алуы туралы заң қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет