А. Соловьева, Б. Ибраимова


Қырықжапырақ және оның даму айналымы



Pdf көрінісі
бет234/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Қырықжапырақ және оның даму айналымы:
1 – қырықжапырақ; 2 – жапырақ 
астындағы спорангийлері; 3 – спорангийдiң ашылып, споралардың шашылуы; 4 – споралардың 
өнуi; 5 – өскiнше: өскiншеде түзiлген аталық (5
а
) және аналық (5
ә
) жыныс мүшелері; 6 – пiсiп-
жетiлген өскiншеден дамыған жас қырықжапырақ
ә


192
гаплоидты спорадан дамиды. Гаметофит – мөлшері 1 мм болатын, жа-
сыл түсті, жүрек пішінді (5) қырықжапырақтың өскіншесі. Гаметофитте 
жапырақ та, сабақ та болмайды, бірақ төменгі жағында ризоиды бола-
ды. Ризоидтың жан-жағынан жыныс жасушалары: аталық спермийлер 
(ә) мен аналық жұмыртқа жасушалары (а) түзіледі. Гаметалар гапло-
идты болады, олар митоз жолымен өнген гаметофит жасушаларынан 
түзіледі. Жыныс жасушалары түзілгеннен кейін ұрықтану жүреді. Ол 
үшін аталық спермийлер жұмыртқа жасушаларына жылжып барып 
онымен қосылуы керек. Қозғалатын аталық гаметалары бар мүктер мен 
қырықжапырақтәрізділердің спермийлері жұмыртқа жасушасына жетуі 
үшін су қажет. Сондықтан мүктер мен қырықжапырақтәрізділер ылғал 
жерде өседі. 
Ұрықтанғаннан кейін 
диплоидты­ зигота
– жұп хромосомалы 
ұрықтанған жұмыртқа жасушасы түзіледі. Оның жасушалары митоз жо-
лымен бөліне бастайды, жас қырықжапырақтәрізді өсімдік түзіледі (6). 
Спорофит,­өсінді,­гаметофит,­өскінше,­гаплоидты,­диплоидты,­
гаметалар,­зигота.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет