Тырысқақ, холера – тырысқақвибрионытудыратын карантиндік ауру. Ауру
адамнан, бұзылған тамақ, лас қол және т.б. арқылы жұғады.
у уремия – бүйрек ауруы.
уролог – бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер.
Ұ Ұйқы – физиологиялық процесс.
Ұйқы артериясы – мойынның екі жағынан тамақ және өңеш бойымен
орналасқан жұп қан тамырлары. Оларды басқанда адам есін жоғалтуы мүмкін.
Ұлтабар , он екі елі ішек – ашішектің (асқазанның шығаберістегі тесігінен
ашішекке дейінгі) бастапқы кесіндісі.
Ұма – ерлердегі аталық без болатын тері-бұлшық етті қапшықтәрізді түзіліс.
ү үзеңгі – ортанғы құлақтың есту сүйекшелерінің бірі; дыбыс тербелістерін
төстіктен ішкі құлаққа береді.
277 үлкен ми сыңарларының қыртысы – үлкен ми сыңарларын жауып тұратын
сұр зат қабаты.