Энзимдер – ферменттер.
Эозинофилдер – түйіршікті лейкоцит жасушаларының бір тобы.
Эпидемия – жұқпалы аурулардың қандай да бір жерде, елде әдеттегі
деңгейінен едәуір артатын дәрежеде жаппай таралуы.
Эпидермис – терінің сыртқы эпителий қабаты.
Эпикантус – үстіңгі қабақ пен көзжас төмпешігін жауып тұратын теріден
түзілген қатпар. Эпикард – жүректің перикардқа өтетін жұқа сыртқы қабықшасы.
Эпифиз, домалақ без – аралық мида орналасқан конус тәрізді өсінді.
Эритроциттер – қанның қызыл жасушалары.
Эстрогендер – аналық жыныс гормондары.
Этология (этология) – жануарлардың мінез-қылық ерекшеліктерін зерттейтін
ғылым саласы.
я ядро – көптеген біржасушалы және барлық көпжасушалы ағзалардың
жасушаларының міндетті бөлігі.
ядрошық – эукариоттардың көбісінің жасушаларының ядросының ішіндегі
тығыз денешік.