А. Соловьева, Б. Ибраимова


§14. Дәрумендер – олардың сипаттамасы және жіктеу



Pdf көрінісі
бет68/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§14. Дәрумендер – олардың сипаттамасы және жіктеу
Адам ағзасына дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
Дәрумендер туралы не білесіңдер? Қандай өнімдерде дәрумендер болады? 
Адам ағзасына дәрумендердің жетіспеуі немесе артық болуы қалай әсер етуі 
мүмкін? 
Дәрумендер 
(витамин; лат. 
вита
– тіршілік) – тіршілік етуге қажет 
ерекше органикалық заттар. Дәрумендердің биологиялық белсенділігі 
өте жоғары. Барлық дәрумендер белгілі бір үдеріске қана емес, ағзадағы 
үдерістер кешеніне әсер етеді. Дәрумендердің көпшілігі азық-түлік 
құрамында болады (40-сурет), кейбірі ағзада синтезделеді. Ағза қалыпты 
жұмыс істеуі үшін шамамен дәрумендердің 20 түрі керек.
Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері 
Н.и. лунин
(1854–1937) 
ашты. Ол эксперименттік жолмен жануарлардың қорегінің құрамында 
нәруыздар, майлар, көмірсулар және су мен минералды тұздармен қатар, 
дәрумендер болуы керек екенін дәлелдеді. «Витамин» деген терминнің 
өзі 1912 жылы пайда болды. 
Дәрумендердің атауы латынның бас әріптерімен белгіленеді. Мыса-
лы, 
А,­В,­С,­D
және т.б. Кейде әріптердің қасына сандар жазылады. Бұл 
цифрлар дәрумендердің ашылу ретін көрсетеді. Мысалы, 
В
1
,­В
2
,­В
6
,­В
12 
және т.б.
Дәрумендер 
суда немесе майда ерігіштігіне байланысты екі үлкен 
топқа бөлінеді: 
суда­еритіндер
– 
С,­РР­
мен
­В­
тобының
­
дәрумендері және
­
майда­ еритіндер­ К,­ Е,­ Д,­ А
(кеда). Суда еритін дәрумендер, негізінен, 
өсімдіктекті өнімдерде (немесе сыра ашытқысында) кездеседі. Майда 
еритін дәрумендер көбінесе жануартекті өнімдерде болады.
40-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет