Жұмыртқа жасушалары – ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез
жолымен жаңа ағза дамитын аналық жыныс жасушасы.
Жыпылықтау, кірпік қағу – мөлдір қабықтағы, көздің шырышты қабығын-
дағы, қабақ терісіндегі, кірпіктегі үшкіл жүйкенің сезімтал ұштарының
механикалық тітіркендіруге немесе жарық тітіркендіруіне жауап ретінде
қорғаныш рефлексі.
з зат алмасу, метаболизм – ағзада жүретін, оның өсуін, тіршілік әрекетін,
өніп-өсуін, қоршаған ортамен тұрақты байланысы мен алмасуын қамтамасыз
ететін химиялық айналымның жиынтығы.
зейін – психикалық қызметтің (әрекеттің) белгілі бір нысанға бағытталуы.