38
Қосжарнақтыларда гүл бөліктерінің саны төрт не беске еселі.
Мысалы, қырыққабат, шомыр, шалғам сияқты басқа да айқышгүлділер
тұқымдасының өсімдіктерінде 4 тостаған жапырақшасы, 4 күлте
жапырақшасы бар. Басқа көп теген қосжарнақты өсімдіктерде 5 тостаған
жапырақша сы мен 5 күлте жапырақшасы болады. Олар раушангүлдегі
сияқты көп болуы мүмкін, бірақ саны бес еселі болады.
Тіршілік формалары
түзуші ұлпа –
камбийдің
болуына бай-
ланысты болады. Ол болмаса толыққанды сүрек, сәйкес інше ағаш
қалыптаспайды. Даражарнақтыларда камбий түзілмейді, олар тек шөп
не бұта болуы мүмкін. Тек пальмалар ғана ағаш болады. Бірақ олардың
сабақ тарында нағыз жылдық сақиналары бар сүрек қалыптаспайды.
Қосжарнақты өсімдіктердің тіршілік формалары әртүрлі: шөптер,
бұталар, ағаштар.
Даражарнақты, қосжарнақты, кіндік және шашақ тамыр
жүйесі,жүйкелену,камбий,тіршілікформасы.
Білу және түсіну:
1. Гүлді өсімдіктердің екі класын атаңдар.
2. Олар неліктен осылай аталатынын түсіндіріңдер.
3. «Кіндік және шашақ тамыр жүйесі» деген тер миндерді түсіндіріңдер.
4. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерге мысал келтіріңдер.
қолданылуы:
1. Жай және күрделі жапырақтардың суретін салып, сипаттама беріңдер.
2. Тұқымның құрылысы мен гүлді өсімдіктердің
белгілі бір класына
жататындардың арасындағы байланысты анық таңдар.
3. Кіндік және шашақ тамыр жүйесін салыстырыңдар.
4. Жабықтұқымдылардың екі класының әртүрлі тіршілік формаларының
себептерін атаңдар.
5. Жай гүлсерігі неден тұрады, ал күрделі гүлсерігі ше?
Талдау:
1. Гүлді өсімдіктер мүшелері нің құрылысына
байланысты белгілі бір
класқа жатқызылуын талдаңдар.
2. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің вегета тивті мүше-
лерінің құрылысын сызба түрінде бейне лең дер.
3. Сендерге белгілі қандай өсімдіктер даражарнақты,
қайсы сы қос-
жарнақтыларға жататынын мысалдар кел тіріп дәлелдеңдер.
39
Синтез:
1. Қылқанжапырақтыларды жақсы дамыған сүрегі және осы тіршілік
формасында болуына байланысты қосжар нақ тыларға жатқызуға бола
ма? Талқылаңдар.
2. Критерий бойынша даражарнақты және
қосжарнақты өсім діктерді
жүйелеңдер.
Бағалау:
1. Жолжелкен дара жар нақ тылардың белгісі бар,
бірақ қосжарнақты-
ларға жата тын өсімдік. Ал қар ғакөз керісінше қосжарнақтылардың
бел гісі бар, бірақ даражарнақтыларға жатады.
Осы өсімдіктердің
құры лысы ның ерек шелігі туралы хабарлама дайындаңдар.
2. Алған білімдеріңнің негізінде қандай белгілер бірінші дәрежелі болып
табылатыны туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
3. Гүлді өсімдіктердің кластарын анықтау кезінде тек бір белгіні
пайдалануға болмайтынын дәлелдеңдер.
№4 зертханалық жұмыс
. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер
клас тарының белгілерін зерттеу.
249-бетті қара.
Достарыңызбен бөлісу: