А. Соловьева, Б. Ибраимова


§11. Тістердің құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет54/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§11. Тістердің құрылысы мен қызметі
олардың гигиенасы 
Әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметі арасындағы 
байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау
Тістер не үшін керек және олар қайда орналасқан? Неліктен адам ауру немесе 
жұлынған тістерінің орнын толтыруға тырысады?
Тістердің қызметі – 
асты тістеу және шайнау, яғни механикалық 
үгу. Сонымен қатар олар сөйлеу ге қатысады. 
Тістердің құрылысы. 
Әрбір тістің тіс қаптамасы, мойны және 
түбірі болады (33-сурет). Қызылиектен шығып тұратын тіс бөлігін 
тіс­
қаптамасы
деп айтады. Тістің келесі бөлігі – 
мойны
. Ол қызылиекпен 
жабылған. Тістің үшінші бөлігі – 
түбірі
. Ол 
тіс­ ұяшығына
бекінген. 
Тістің қаптамасы мен мойны тіс цементімен қапталған. Тамыр ұшында 
жүйке талшықтары мен қан тамырларының 
жұмсақ­ұлпасына
(пульпа) 
түсетін тесік болады.
Әрбір тіс 3 қабаттан тұрады: сыртқы – кіреуке (эмаль), ортанғы – ден-
тин, ішкі – тістің жұмсақ ұлпасы (пульпа). 
Кіреуке
тек тіс қаптамасын 
қаптайды. Бұл – ағзаның ең қатты ұлпасы. Оның қалыңдығы әртүрлі, 
тістің шайнайтын бетіндегі кіреуке қалыңдау болады. Балалардың сүт 
тістеріндегі кіреукенің құрамында минералды заттар аз, сондықтан ол 
жұқа болады. 
Кіреукенің астында қатты дентин болады. Ол тығыз сүйек ұлпасынан 
түзілген және тістің көп бөлігін құрайды.


51
Тістің жұмсақ бөлігі – жұмсақ ұлпасы – тесік арқылы тіс ішіндегі 
тамырға өтетін қан тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Қан тамыр-
лары тіс жасушаларын қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Жүйке 
талшықтары тістің сезімталдығына жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет