А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет56/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Тістің топтары
1 – күрек тістер; 2 – ит тістер; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер 
4
3
1
2


52
Тіс гигиенасы.
Ауру тістер басқа мүшелерге (жүрек, бүйрек, буын 
және т.б.) зиян келтіреді. «Тісі саудың дені сау» деп бекер айтылмаған. 
Қазақстанның көрнекті ғалымы, тұңғыш кәсіби дәрігер Халел 
Досмұхамедов тіс гигиенасына үлкен мән берді: «Тіс ауруларының алдын 
алу үшін тамақ ішіп болған соң, тісті тазалау қажет». Ғалымның бұл 
пікірі ереже болып табылады. 
Тістерді сау күйінде сақтау үшін тамақ ішіп болған соң, щеткамен 
тазалаған жөн. Тістердің арасына тұрып қалған тамақ қалдықтары 
микробтардың тіршілік етуіне қолайлы орта болып табылады. 
Таңертең және кешке тісті мұқият тазалау керек. Бұл кезде белгілі 
бір ережелерді сақтау қажет. Тіс пастасын таңдаған кезде тіс дәрігерінің 
ұсынысын басшылыққа алу керек. Тістің сыртқы бетімен қатар, ішкі 
жағын және жоғарыдан төменге, төменнен жоғары қарай тазалайды. Әр 
адамның жеке тіс щеткасы болуы керек. Щетканы пайдаланып болған 
соң мұқият жуып, сабындаған күйінде қалдырады. Щетканы пайдалану 
алдында сабынын жуып, қайнаған сумен шаяды. Әр 3 ай сайын щетканы 
ауыстыру керек. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау адамның өмір 
жасын ұзартудың бір шар ты болып табылады.
Тіс ауруы.
Егер тіс кіреукесінде жарық пайда болса, тіс қуысына 
микроағзалар ене бастайды. Кіреуке қатты заттарды, мысалы, 
жаңғақ, мұз кәмпит және т.б. тістеген кезде зақымдалады. Егер 
ыстық тамақтан кейін бірден суық су ішсе немесе балмұздақ жесе 
эмаль оңай бұзылады. 
Микробтардың әсерінен дентин зақымданады. Бұл ауру 
тісжегісі
(лат. 
кариес
– шіру) деп аталады (35-сурет). Егер тісжегісін емдемесе 
ұлпа зақымданады да, тіс бұзылады. 
35-сурет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет