182
жүйке жасушалары көбеймейді, тек қана ұзарып өседі. Өсімдіктерде ми-
тоз жолымен түзуші ұлпалар жаңа жасушалар түзеді. Бұларға сабақ тың,
тамырдың ұштары, бүршіктің ішкі құрылысы, жас жа пырақтар, камбий
жасушалары және т.б. жатады.
Жынысты бөлінудің негізі –
мейоз.
Көптеген ағзаларда жыныс жа-
сушалары – гаметалар мейоздық бө лінудің нәтижесінде түзіледі.
Көпжасушалы жануарларда, бір жасушалылардың көпшілігінде гаплоид-
ты хромосомалы жыныс жасушалары – гаметалар
мейоздық бөлінудің
нәтижесінде түзіледі. Мысалы, адамның дене жасушаларында 46 хро-
мосома, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Жыныс жа-
сушалары мейоздық
бөліну жолымен пайда болады, жыныс бездерінің
бір жасушасынан гаплоидты хромосомалы 4 гамета пайда болады. Бұлай
болу себебі, жыныс жасушалары қосылу арқылы ұрықтанады. Аналық
жұмыртқа жасушасымен аталық сперматозоидтың қосылуы нәтижесінде
диплоидты жиынтықты 46 хромосома түзіледі. Гаплоидты хромосомалы
гаметалардың қосылуының нәтижесінде адамның зиготасында 46 хро-
мосома болады. Зигота – ұрықтанған жұмыртқа
жасушасы немесе кез
келген көпжасушалылардың ұрығы екенін есте сақтау керек. Жыныс
жасушалары көбінесе көбеюге қабілетті емес (партеногенезден басқасы).
Олар не
ұрықтанады, не тіршілігін жояды.
Көптеген өсімдіктерде және саңырауқұлақтарда мейоз жолымен га-
металар емес, споралар түзіледі. Бұл дене (сома)
жасушалары біркелкі
гаплоидты хромосомалы ағзаларда болады. Егер де олардың жасуша-
лары
гаплоидты хромосомалы болса, онда олар мейоз жолымен бөліне
алмайды, себебі хромосома санын одан әрі азайта алмайды (хромосома
саны бірден кем болмайды). Ол туралы келесі тақырыптарда айтамыз.
Бірақ көптеген ағзалардың дене жасушаларының хромосомасы диплоид-
ты жиынтықты болады. Олардың жыныс жасушаларындағы хромосома
саны дене жасушаларына қарағанда екі есе аз болады.
Митоз және мейоздан басқа жасушалардың тағы бір бөліну жолы
амми-
тоз
бар. Ол митозға ұқсас болады, бірақ аналық жасушадағы хромосома
бірдей бөлінбейді. Егер адам ағзасындағы дене жасушалары амитоз жолы-
мен бөлінді деп қарастыратын болсақ, пайда болған жас жасушалардың
біреуінде – 48, екіншісінде – 44 хромосома болуы мүмкін. Мұндай жасу-
шалар тіршілік қабілеті дұрыс ұрпақ бере алмайды. Олардың тіршілігі
ұзаққа созылмайды, басқа да ұлпалары немесе мүшелері бар ағза түзе
алмайды. Осы жолмен эндосперм (өсімдіктің
тұқымындағы қоректік
заттар қоры) түзіледі. Онымен ұрық жасушалары қоректенеді. Екінші
бір мысал, сүтқоректілердің ұрығының қабығы – қағанақты (
плацента
)
алуға болады. Туғаннан кейін бұл қабық ағзадан шығарылады.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217