Тыныс алу қызметі
–
тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдылығы
онда орналасқан сезімтал жасушалармен
және жүйке ұштары –
рецепторлармен
байланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет
D дәруменін
өндіреді.
Күн сәу ле сінің
әсерінен
Dдәруменінің
синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі
– қоректік заттарды жинау терінің үшінші
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор
сақталады.
Эпидермис, терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма, теріасты
майжасұнығы,амортизатор,жылуоқшаулағыш,қоректікзат-
тарқоры;қызметтері:қорғаныш,термореттелу,бөліпшығару,
тынысалу,терініңсезімталдылығы;рецептор,Dдәрумені.
Достарыңызбен бөлісу: |