102 Үлкен қан айналым шеңбері жүректің ең ірі және мықты
бөлігі –
солжаққарыншадан басталады. Осы жерден ең ірі қан тамыр –
қолқа артериясы шығады. Ол ірі және ұсақ артерияларға тармақталады және
оттекке байытылған артериялық қан бүкіл ағзаға тарайды.
үлкен қан айналым шеңбері оң жақ жүрекшеде аяқталады. Мұнда
бүкіл ағзадан көмірқышқыл газын сіңіріп алған вена қаны жинала-
ды. Адам ағзасында қолқа қан тамыры сияқты ірі вена қан тамыры
болмағандықтан үлкен қан айналым шеңбері
жоғарғы және төменгі қуысвенада аяқталады (6-сызба).
6 - с ы з б а
үлкен қан айналым шеңбері: сол жақ қарын ша
→
дене мүшелері мен ұлпалары
→
→
оң жақ жүрекше
Жүрекшелердің бұлшық еттері қарыншалардың бұлшық еттеріне
қарағанда анағұрлым жіңішке болады. Қарыншалар жақсы дамыған.
Сондықтан қарыншалар қанды қан айналым шеңберлеріне айдайды. Ал
жүрекшелерде қан айналым шеңбері аяқталады. Жүрекшелер қанды
қарыншаларға айдайды.