қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет (диафрагма) тыныс алу қозғалыстарын жүзеге асырады (61-сурет). Тыныс алу кезінде
қабырғааралық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді. Олар өкпені алға
және жан-жағына созады.
Көкет(диафрагма) – кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын
күмбез тәрізді бұлшық ет. Жиырылған кезде көкет төмен түседі (басы-
лады) де, құрсақ қуысының мүшелерін төмен қарай итереді. Ол өкпені
төмен қарай тартады. Бұл кезде кеуде қуысының көлемі артады және
өкпедегі қысым төмендейді. Нәтижесінде өкпе созылады да ауамен тола-
ды.