135
бір-бірінің үстіне қойылған, саңылауы
бар пластинкалардан құрастырылған
цилиндр сияқты. цилиндрдің ортасын-
да капиллярлар мен жүйкелер бар өзек
(канал) болады. Сүйектің тірі жасуша-
лары (остеоциттер немесе остеоблас-
тар) цилиндр пластинкаларының ара-
сына орналасқан. Олардың өсінділері
цилиндр
қабырғасының
саңылауына
енеді де, басқа остеонда болатын көрші
жасушалардың өсінділерімен бірігеді.
Тұтас көрші остеондар бір-біріне бұрыш
жасап орналасқан, ал олардың арасында
коллаген болады. Бұл – шеміршек заты.
Байланысудың осындай түрі остеондар-
ды өзара бекітуге ғана емес, сонымен
қатар сүйекте тармақталған тор түзетін
қан тамырларының бірігуіне мүмкіндік
береді. Мұндай жүйе сүйек ұлпасының
жасушаларын тіршілік үшін қажет зат-
тармен және беріктікпен қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: