А. Соловьева, Б. Ибраимова


§45. Митоз және мейоз, олардың биологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет219/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   361
§45. Митоз және мейоз, олардың биологиялық маңызы 
Тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен 
мейоздың маңызын түсіндіру
Жасушалық цикл дегеніміз не? Тірі ағзаларда хромосоманың қандай 
жиынтықтары кездеседі? Хромосомалардың гаплоидты және диплоидты 
жиынтықтары не үшін керек? Олар қандай жасушаларда кездеседі?
Митоз және мейоз. 
Жасуша бөлінуінің екі түрі бар: 
митоз
және 
мейоз

Митоз жолымен біржасушалы да, көпжасушалы эукариоттардың барлық 
дене жасушалары бөлінеді. Митоз кезінде түзілген жас жасушалардың 
хромосома саны өзгермей, аналық жасушаның хромосома санымен 
бірдей болып өзгеріссіз қалады. Бір аналық жасушадан екі жас жасуша 
түзіледі, олардың хромосома саны аналық хромосома санымен бірдей бо-
лады. Аналық жасушаның хромосома саны гап лоидты немесе диплоидты 
екендігіне қарамастан жаңадан түзілген жас жасушалардың хромосома 
саны аналықтың хромосома санымен бірдей болады. Егер де бұл жасу-
шалар 
митоз­жолымен
бөлінетін болса, міндетті түрде хромосома саны 
аналықтың хромосома санымен бірдей екі жас жасуша түзіледі. 
Митоз
дегеніміз – аналық жасушадан түзілген екі жас жа сушаның 
хромосома саны өзгеріссіз сол қалпында сақ тала тын үдеріс. 
Мейоз
дегеніміз – аналық жасушадан 4 жас жасушаның түзілу 
үдерісі. Олардың хромосома саны екі есе кемиді. Мұндай жолмен ди-
плоидты хромосомалы жасушалар ғана бөлінеді. Бұл кезде диплоид-
ты хромосомалы аналық жасушадан хромосома жиынтығы гаплоидты
4 жас жасуша түзіледі. Егер мейоз жолымен бөлінетін жасушада 50 
хромосома болса, одан хромосома саны 25 болатын 4 жас жасуша 
түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет