199 1 1 - с ы з б а
ЭКТОДЕРМА МЕЗОДЕРМА ЭНТОДЕРМА Тері (сыртқы қаба ты)
тер және май бездері,
шаш, тырнақ, жа нуар-
лардың тұяғы мен
мүйіздері және т.б.
Жүйке жүйесі және
барлық сезім мүшелері
түзіледі
Бұлшық еттер, қаңқа
сүйектері, сіңірлер,
шемір шектер, буындар.
Жүрек, қан тамырла-
ры, қан.
Зәр шығару және жы-
ныс мүшелері жүйесі
түзіледі
Асқорыту жүйесі,
тер бездерінен басқа
бездердің барлығы.
Өкпе және басқа да
тыныс алу мүшелері
түзіледі
бір-бірінен ерекшелене отырып, жасушалардың екі қабығын түзеді.
Гаструланың ерте сатысы дегеніміз – екіқабатты ұрық. Бұл сатыда екі
түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі: сыртқы ұрық жапырақшасы – экто-
дерма, ішкі ұрық жапырақшасы – энтодерма.
Біртіндеп үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма түзіледі.
Соңғы (кеш)гаструладегеніміз–үшқабаттыұрық. Егер бұл омыртқасыздардың ұрығы болса, соңғы гаструладан
кейін мүшелердің дамуы – органогенез үдерісі басталады. Ал егер бұл
омыртқалылардың ұрығы болса, бірнеше жасушалардың бөлінуінен ми
мен жұлынның бастамасы – жүйке түтігі пайда болады. Бұл
нейрула сатысы деп аталады. Желілі жануарлардың ұрығында мүшелері нейрула
сатысынан кейін түзіледі.