§16. Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы Лимфа жүйесінің қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара
байланысты сипаттау
Қандай жануарларда ең алғаш қан және қан айналым жүйесі пайда бол- ды? Адам ағзасының ішкі ортасы негізгі үш сұйықтық тан: қан, лимфа,
ұлпа сұйықтығынан тұрады. Осы үш сұйықтық тың біртұтас жүйе ретінде
өзара әрекеттесуі эволюция барысында қалыптасты. Аталған әрбір
сұйықтық өзіне тиесілі рөлді атқарады және құрамы соған сәйкес бола-
ды. Ағзаның осы үш сұйықтық ортасының өзара әрекеттесуі дене жасу-
шаларын барынша оттекпен әрі қоректік заттармен қамтама сыз етуге
және оны шлактан (тіршілік әрекетінің қалдықтары – зиянды заттардан)
тазартуға бағытталған.