А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет4/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX, 369700
Эукариоттар 
– құрамында ядросы бар ағзалар.
ядро
және басқа 
да құрылымдары
жа суша цито плазмасында болады және олар 
органоидтер
деп аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет 
атқарады. Ядро бүкіл химиялық үде ріс терді 
нәруыздар-ферменттер
синтезі арқылы бақылап, жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе 
жасуша орта лы ғында болады. Бірақ қартайған өсімдік жасу ша сында 
барлық дерлік жасуша кеңістігін орталық ірі ва куоль алып жатуы 
мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро жа суша қабықшасына 
жақын орналасады. 
Ядро – цитоплазмадан 
саңылауы
бар 
екі­мембрана
арқылы бөлінген 
органоид. Ядро ның ішінде 
хромо­сомалар
мен 
ядрошық
жүзіп жүретін 
ядро шырыны – 
кариоплазма
болады. Хромосомаларда нәруыздардың 
құрылысы туралы тұқым қуалаушылық ақпарат сақталады. Эритроциттер 
мен тром бо циттер сияқты ядросы жойылған эукариот жасушалары көбею 
қабілетінен айырылады. 
Жасуша мембранасы мен жасуша қабырғасы
қорғаныш қызметін 
атқарады. Барлық жасушалар
­ сыртқы
мембрана­мен­
жабылған.
­
Бірақ 
саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде және көп теген бактерияларда 
мембранадан басқа сыртында 
жасу­ша­қабырғасы
да болады. Ол жасушаға 
беріктік қасиет береді және пішінін сақтайды. Са ңы рауқұлақтардың 
жасуша қабырғасы 
хитиннен
, өсім дікте 
целлюлозадан
, ал бактерияларда 
муреиннен
тұрады. 
Жасуша органоидтері. 
Пластидтер
– тек өсімдік жа сушасының 
органоидтері. Олардың үш типі болады. 
Хло­ро­пластарда
жасыл пиг- 
мент – хлорофилл болады, ол фотосинтез үдерісін жүзеге асырады. 
Фотосинтез үде рісі хлоропластың ішкі мембранасында, қатпарларда – 
гра­наларда
жүреді. 
Лейкопластар
– ақ немесе түссіз плас тидтер. Олар 
крахмалда – қоректік заттар қорын жинайды. 
Хромопластарда­
қызыл, 
сары немесе қызыл сары пигменттер болады. Олар қоректік (сәбізде, 
қызылшада) немесе зиянды (күзгі жапырақтарда) заттарды жинайды. 
Гүлдердің күл телеріне ашық түс беріп, жәндіктерді еліктіреді. Пластидтер 
бір-біріне айналуы мүмкін. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


6
Митохондриялар
– жасушаның энергетикалық стан сысы. Ол барлық 
эукариоттарда бар. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар немесе 
көмірсулар) оттек әсерінен су мен көмірқышқыл газы түзіледі, ал 
бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады. үдеріс 
кристаларда
– 
ішкі мембрана өсінділерінде жүреді. 
Рибосомалар
нәруыз биосинтезін жүзеге асырады – аминқышқылда-
рын нәруыздарға біріктіреді. Олар барлық тірі жасушаларда, тіпті 
прокариоттарда болады. 
Гольджи­ жиынтығы
заттардың жасушаішілік тасы малын, майлар 
мен көмірсулардың модификациясы мен синтезін, лизосомалардың 
түзілуін жүзеге асырады. Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар 
түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан үнемі 
мембрана көпір шіктері бөлініп отырады. Онда сыртқа бөлінетін немесе 
ұзақ уақыт сақталатын заттар болуы мүмкін. Көпіршіктер дің бір бөлігі 
лизосомаларға айналады.
­
Лизосомалар
– асқорыту вакуольдері – асқорыту ферменттеріне 
толы мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды 
ыдыратады. Өзін-өзі қорытуды – 
автолизді
жүзеге асырады. Жануарлар 
мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ­ (эндоплазмалық­ тор)
– цитоплазманың ішіндегі мембрана 
түтікшелері (өзекшелері). Тегіс ЭПТ (рибосомасы жоқ) майлар мен 
көмірсулардың синтезін, ал бұдыр ЭПТ (рибосомалары бар) – күрделі 
нәруыздар биосинтезін жүзеге асырады. Барлық ЭПТ Гольджи жиын-
тығымен бірге заттардың жасушаішілік тасы малына қатысады.
Нағыз­вакуоль
тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда болады. Бұл –
жасуша­ шырынына
толы мембрана көпіршігі. Онда зиянды немесе 
қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. Сонымен қатар 
вакуольдер өсімдік жасушасында жасушаішілік қысымды сақтайды. 
Қабықша,­цитоплазма,­ядро,­эукариоттар,­прокариоттар,­ри-
босомалар,­ митохондрия,­ Гольджи­ жиынтығы,­ ядрошық,­ хро-
мосомалар,­ кариоплазма,­ пластидтер,­ автолиз,­ лизосомалар,­
ЭПТ,­вакуоль,­жасушалық­шырын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет