174
Ағза қанның құрамындағы глюкозаны үнемі энергияға айналды-
рып, жұмсайды. Біз үнемі қант жемейміз. Сондықтан ағза қанның
құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты етіп сақтайтын
глюкагон
гор-
монын түзеді. Ол бұлшық ет пен бауырдағы гликогенді глюкозаға ай-
налдырады. Сонымен, инсулин мен глюкагонның қызметі бір-біріне
керісінше болады.
Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада
қантдиабеті
ауруы пайда бо-
лады. Қандағы глюкоза мөлшерінің шектен тыс көп болуынан ағза ула-
нады. Қант диабетімен ауыратын адамдарға инсулин егеді және тағам
рационынан көмірсу мөлшерін азайту керек.
Адам ағзасында
жыныс бездері
жыныстық жетілуінен кейін ғана
жыныс гормондарын бөле бастайды. Осы гормондар
екінші реттік
жыныстық белгілердің
жетілуін қамтамасыз етеді.
Ерлердің жыныс
гормондары
(тестостерон және т.б.) сақал-мұрттың өсуі, бұлшық ет пен
қаңқаның дамуы, дене пішінінің өзгеруі, дауыстың жуандауы және т.б.
жүзеге асырады.
Әйелдердіңжынысгормондары
(эстрадиол, прогестерон
және т.б.) дене пішінін, сүт бездерін, тері астында майлардың жиналуын,
дауыстың жіңішкеруін және т.б. белгілерді қалыптастырады.
Гиперфункция,гипофункция,өсугормоны,соматотропин,адре-
налин, норадреналин, кортикоидтар, минералокортикоидтар,
глюкокортикоидтар.
Достарыңызбен бөлісу: