171
Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте
көп бөлігі энергияға жұмсалады. Содан Базедов (бадырақ көз)
ауруы
пайда болады. Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі
жиі соғып,
тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37–38°С бола-
ды, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы
ағзаға сіңбейді. Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп,
көзі бақырайып
кетеді. Мұндай адамдардың жүрегі және басқа да мүшелері
тез ауруға
шалдығады. Қазақстанда қалқанша безi ауруларының санын азайту мақ-
сатында йод тапшылығының алдын алуы туралы заң қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: