264 Веналар – көмірқышқыл газына қаныққан, зат алмасу өнімдері, гормондар
мен басқа заттар бар вена қанын мүшелер мен ұлпалардан жүрекке (артерия
қанын әкелетін өкпе және кіндік венасынан басқа) апаратын қан тамырлары.
Вестибула аппараты – кеңістікте бас пен дененің қалпының өзгеруін, сондай-
ақ қозғалу бағытын қабылдайтын сезім мүшесі. Жартылай өзек пен ішкі
құлақтың қапшықтарында орналасқан.
Витилиго – теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі.
г гайморит қуысы , үстіңгі жақсүйек қойнауы мұрын тесігіне ашылады. Оның
шырышты қабықшасының, кейде сүйек қабырғасының қабынуынан гайморит
ауруы туындайды.
ганглий , жүйке түйіні – дәнекер ұлпалы капсула мен глия жасушаларымен
қоршалған нейрон денелері мен өсінділерінің шоғыры.
гангрена , шірік – әдетте қан тамырының жарақаттану немесе бітеліп қалу
салдарынан ұлпалардың жансызданып, жұқпаларды жұқтырып алуы.
гастрит – асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы.
гематология (грек.
гемо – қан және
логос – ілім, ғылым) – қан жүйесінің
құрылысы мен қызметін зерттейтін медицинаның бөлімі.
гематома , қанды ісік – жабық жарақат кезінде қанның жиналуы; қан
тамырлары үзіледі және қоршаған ұлпаларға қан құйылады.
гемоглобин – қанның қызыл тыныс алу пигменті. Оттекті тыныс алу
мүшелерінен ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан тыныс алу
мүшелеріне апарады.
гемофилия – қан ұю жүйесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын
тұқым қуалайтын ауру; қанағыштық байқалады.
генерация – ұрпақ дегенді білдіреді.
генетика – ағзалардың тұқым қуалау және өзгергіштік заңдары мен оларды
басқару әдістері туралы ғылым.
генетикалық инженерия, гендік инженерия – табиғатта жоқ гендердің
үйлесімін мақсатты түрде жасаумен айналысатын молекулалық биология мен
генетика әдістері.