қозғыштық – тірі жасушалар, мүшелер мен тұтас ағзалардың тітіркендіргіш
әсерін қабылдап, оларға қозу арқылы жауап беру қабілеті.
қоян ерін – даму кемістігі; жоғары еріннің тік бағытта (ортасынан, бір
немесе екі жағынан) бөлінуі.
құныс, кифоз – омыртқа жотасының артқа қарай шығыңқы болып қисаюы.
қырақтық – жақын қашықтықта анық көруге кедергі келтіретін көру
кемшілігі.
құрт ауруы – тез өршитін туберкулез ауруының ескірген атауы; созылмалы
ауру кезінде, көбінесе өкпе туберкулезі кезінде ағзаның тез арықтап, әлсіреуін
білдіретін ескірген атау.
құтышалар, құтыша жасушалары – күндізгі және түсті көруді қамтамасыз
ететін көз торшасындағы жарыққа сезімтал жасушалар.
қышқыл жаңбыр – ауа құрамында SO2, NO2, HCl және т.б. өнеркәсіптік
шығарындылар болғандықтан қышқылданған атмосфералық жауын-шашын.
Л лейкоциттер – қызметі бойынша әртүрлі, түссіз қан жасушалары.
летаргия , летаргиялық ұйқы, жалған өлім – тітіркендіргішке әсердің
болмауымен, өмірдің барлық белгілерінің күрт нашарлауынан ұйқыға ұқсас
қозғалмайтын күй.
лимфа – қан плазмасынан оны ұлпааралық кеңістікке және одан лимфа
жүйесіне сүзу арқылы түзілетін түссіз сұйықтық.
лимфаденит – лимфа түйіндерінің лимфа немесе қан ағыны арқылы жұқпа
қоздырғыштары енген кезде қабынуы.
лимфоциттер – түйіршікті емес лейкоциттердің бір түрі.
липидтер – майлар мен майтәрізді заттар да кіретін табиғи органикалық
қосылыстар тобы.
лордоз – омыртқа жотасының туа біткен немесе жүре пайда болған алға
қарай шығып қисаюы; көбінесе басқа қисаюлармен үйлесімді болады.
М Меланхолик – адамның мінез-құлық ерекшеліктерін білдіретін темпе-
раменттің бір түрі.
Мелатонин – эпифиз безінен бөлінетін гормон.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217