276
Темперамент –
тікелей жүйке жүйесіне байланысты адамның мінез-құлығы.
Тестостерон
– аталық бездерден бөлінетін гормондар.
Тимозин
– айырша безден бөлінеді, екінші реттік жыныстық жетілуді
реттейтін гормон бөледі.
Тироксин
– қалқанша безден бөлінетін ағзада йодтың алмасуын реттейтін
гормон.
Тонометр
– қан қысымын өлшейтін арнайы құрал.
Торлы қабық
– жарыққа сезімтал көптеген таяқшатәрізді және құтышатәрізді
жасушалардан тұратын көздің ішкі қабығы.
Төстік
– дыбыс тербелісін балғашықтан үзеңгіге өткізетін ортанғы құлақтың
есту сүйекшесі.
Туа біткен дақ –
терінің дамуының кемшілігі; оның белгілі бір жасушаларының
шамадан тыс өсуі. Тамырлы, пигментті, сүйелді дақ болып бөлінеді.
Туберкулез
– зиянды бактериялардың әсерінен пайда болатын өкпенің
жұқпалы ауруы.
Тұмау
(грипп) – вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.
Тіл –
ауыз қуысының түбіндегі бұлшық етті өсінді.
Тілше
– жұмсақ таңдайдың артқы шетіндегі өсінді. Жұмсақ таңдаймен бірге
жұтқан кезде аңқаны жұтқыншақтан бөледі.
Тісжегі
(кариес) – тістің қатты ұлпасының бұзылуынан болатын ауру.
Тіс кіреукесі
– тіссауытты жауып тұратын арнайы эпителий ұлпасы.
Тырысқақ, холера –
тырысқақ вибрионы тудыратын карантиндік ауру. Ауру
адамнан, бұзылған тамақ, лас қол және т.б. арқылы жұғады.
у
уремия
– бүйрек ауруы.
уролог
– бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер.
Ұ
Ұйқы
– физиологиялық процесс.
Ұйқы артериясы
– мойынның екі жағынан тамақ және өңеш бойымен
орналасқан жұп қан тамырлары. Оларды басқанда адам есін жоғалтуы мүмкін.
Ұлтабар
, он екі елі ішек – ашішектің (асқазанның шығаберістегі тесігінен
ашішекке дейінгі) бастапқы кесіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: |