А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет241/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

276
Темперамент –
тікелей жүйке жүйесіне байланысты адамның мінез-құлығы.
Тестостерон 
– аталық бездерден бөлінетін гормондар.
Тимозин 
айырша безден бөлінеді, екінші реттік жыныстық жетілуді 
реттейтін гормон бөледі.
Тироксин
– қалқанша безден бөлінетін ағзада йодтың алмасуын реттейтін 
гормон.
Тонометр
– қан қысымын өлшейтін арнайы құрал.
Торлы қабық 
– жарыққа сезімтал көптеген таяқшатәрізді және құтышатәрізді 
жасушалардан тұратын көздің ішкі қабығы. 
Төстік
– дыбыс тербелісін балғашықтан үзеңгіге өткізетін ортанғы құлақтың 
есту сүйекшесі.
Туа біткен дақ – 
терінің дамуының кемшілігі; оның белгілі бір жасушаларының 
шамадан тыс өсуі. Тамырлы, пигментті, сүйелді дақ болып бөлінеді. 
Туберкулез
– зиянды бактериялардың әсерінен пайда болатын өкпенің 
жұқпалы ауруы.
Тұмау
(грипп) – вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.
Тіл – 
ауыз қуысының түбіндегі бұлшық етті өсінді.
Тілше
– жұмсақ таңдайдың артқы шетіндегі өсінді. Жұмсақ таңдаймен бірге 
жұтқан кезде аңқаны жұтқыншақтан бөледі.
Тісжегі
(кариес) – тістің қатты ұлпасының бұзылуынан болатын ауру.
Тіс кіреукесі 
– тіссауытты жауып тұратын арнайы эпителий ұлпасы.
Тырысқақ, холера – 
тырысқақ вибрионы тудыратын карантиндік ауру. Ауру 
адамнан, бұзылған тамақ, лас қол және т.б. арқылы жұғады.
у
уремия
– бүйрек ауруы.
уролог
– бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер.
Ұ
Ұйқы
– физиологиялық процесс.
Ұйқы артериясы
– мойынның екі жағынан тамақ және өңеш бойымен 
орналасқан жұп қан тамырлары. Оларды басқанда адам есін жоғалтуы мүмкін.
Ұлтабар
, он екі елі ішек – ашішектің (асқазанның шығаберістегі тесігінен 
ашішекке дейінгі) бастапқы кесіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет