Сығырлық (близорукость) – көздің жақыннан жақсы көру қабілеттілігі.
Сыртқы секреция бездері –арнайы өзектері арқылы сөл бөлетін бездер.
Сұр зат – жүйке жасушаның денесі мен дендрит өсінділерінен тұратын түзіліс.
Сүйекқап – сүйектердің сыртын қоршап жатқан әрі сүйектің жуандап өсуін
қамтамасыз ететін дәнекер ұлпалы қабық.
Сүйектің шығып кетуі –
сүйектің
буын
ұштарының
қалыпты
қозғалғыштығының шегінен тұрақты орнынан жылжып кетуі.
Сүт тістер – алғашқы тұрақсыз тістер, 14–15 жасқа қарай тұрақты тістермен
алмасады.
Сфинктер, қысқыш – түтіктәрізді қуыс мүшеден, мысалы, қуықтан зәр
шығаратын түтікке өтетін тесікті тарылтатын, тұйықтайтын немесе кеңейтетін
сақина тәрізді бұлшық ет.
Сыртқы құлақ – есту жүйесінің сыртқы бөлімі; құлақ қалқаны мен сыртқы
есту түтігінен тұрады.
Сіңір – қаңқа сүйектерін немесе жеке мүшелерді байланыстыратын тығыз,
дәнекер ұлпалы желі және пластиналар.
Т Табан – аяқтың төменгі бөлімі.
Табиғи иммунитет – ағзаның туа пайда болған ауруға қарсы тұру қабілеті.
Талма, талу – тамыр тонусының қысқа мерзімді төмендеуі; аяқастынан
әлсіздік, басы айналу, естен тану (бірнеше секундқа немесе минутқа) байқалады.
Таңдай – ауыз қуысының жоғарғы қабырғасы.
Таңдай бездері – қарапайым сөзбен айтқанда «бадамшалардың» атауы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217