268 и, й идиотия – олигофренияның едәуір ауыр дәрежесі.
иллюзия, алдамшы көру – 1) шынайы затты бұрмалап қабылдау; елестету;
2) орындалмайтын арман, ақталмаған үміт.
иммунитет – ағзаның өзінің тұтастығын және биологиялық даралығын сақтау
қабілеті; жұқпалы аурулармен ауырмау.
иммуноглобулиндер – күрделі нәруыздар; антиденелердің белсенділігіне ие;
қан сарысуында болады; иммунитеттің түзілуіне қатысады.
иммуноциттер – иммундық жауапты жүзеге асыратын
(Т- және В-лимфоциттер, кейбір фагоциттер және т.б.) ағза жасушалары.
инвазиялық аурулар – паразит-жануарлар – қарапайымдар (безгек),
буынаяқтылар (қышыма), шаянтәрізділер, гельминттер және т.б. тудыратын
аурулар.
ингаляция – дәрілік заттармен тыныс алу арқылы емдеу әдісі.
инстинкт , түйсік – мінез-құлықтың күрделі, тұқым қуалайтын әрекеттері-
нің жиынтығы.
инсулин – ұйқы безі бөлетін нәруызды гормон.
инсульт – мидағы қан айналымның бұзылуы (миға қан құйылу және т.б.).
интоксикация – ағзаның улы заттармен (уытпен) улануы.
инфантилизм – ересек адамда балалық шаққа тән дене және психикалық
сипаттардың сақталуы.
инфаркт – түйілу, тромбоз және т.б. (бүйрек, миокард инфарктісі және т.б.)
кезінде ұлпаларда қанмен қамтамасыз етудің бұзылу салдарынан жансыздану
аймағы.
иридодиагностика (грек.
иридос – кемпірқосақ) – көзінің нұрлы қабығының
күйі бойынша адамның ауруын анықтау.
иіс сезу – иістерді қабылдау.
йодтау – ауызсуды, ас тұзын және басқа да тамақ өнімдерін йод
қосылыстарымен байыту арқылы эндемиялық зоб ауруының жаппай алдын алу
әдісі.
К Каннибализм – жануарлардың өз түрінің дараларын жеуі.