А. Соловьева, Б. Ибраимова


Паразит құрттар тудыратын аурулар



Pdf көрінісі
бет49/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

Паразит құрттар тудыратын аурулар. 
Омыртқалы жа нуарлар мен 
адам ағзасында әр түрге жататын паразит құрт тар болуы мүмкін. Олар 
адам ағзасына төмендегідей жолмен енеді: 
1) кір қолмен (әсіресе үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды жу-
мау) тамақ жеу; 
2) жуылмаған көгөністер мен жеміс-жидектерді жеу
3) шала піскен ет пен балықты, балықтың уылдырығын пайдалану
4) ауру таратушы жәндіктердің тамақ өнімдерін бұзуы. 
Паразит құрттар улы заттар бөліп шығарып, ауру тудырады. ішек 
құрттары тудыратын ауру белгілері: адам тез шаршайды, басы ауырады, 
жүрегі айниды, құсады. Кейде бұл қаназдыққа әкелуі мүмкін. 
Тамақтан улану 
өте тез байқалады. Ол сақтау мерзімі өтіп кеткен, 
сондай-ақ бұзылған тамақты жеген кезде пайда болады. уланудың бас-
ты белгілері: адамның жүрегі айниды, құсады, асқазаны ауырады, іші 
өтеді, басы ауырады, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде дене температу-
расы көтеріледі.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


59
Тамақтан уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. 
Тез ара-
да дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше асқазан мен ішекті тазар-
ту қажет. Ол үшін көп мөлшерде су немесе марганцовканың (калий 
перманганатының) жылы, ашық қызғылт түсті әлсіз ерітіндісін ішіп
құсу керек. Бұл шараны бірнеше рет қайталау қажет. 
Тағы бір қауіпті ішек ауруына 
ботулизм
жатады. Бұл тамақтан 
уланудың ауыр түрі. Оның қоздырғышы оттексіз ортада тез көбейеді. 
Ауруды бұзылған балық, қалбырдағы ет немесе көгөніс тудыруы мүмкін. 
Егер консервілейтін өнімге (саңырауқұлақ, көгөніс, балық) то пырақ тисе, 
ал топырақта ботулизм қоздырғышы болса, гер ме тикалық жабылған 
ыдыста ол міндетті түрде көбейеді. Сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе 
қақпағы ісіп, көтеріліп тұр ған және ішіндегі түсі өзгерген өнімді жеуге 
болмайды. 
Ботулизмнің ауру белгілері тез байқалады, сирек жағдайда 7 күнге 
дейін жасырын кезеңі болуы ықтимал. Ботулизм кезінде жүйке жүйесі 
зақымдалады (көру, сөйлеу, жұту нашарлайды). Ерте байқалатын 
белгісіне «тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай әсер болады», жұтыну 
қиындайды. Бұл ауруға күмәнданған кезде тез арада дәрігерге қаралу 
керек. Ботулизм – өте қауіпті ауру және дәрігердің көмегінсіз жазылып 
кету мүмкін емес. 
Улы­ саңырауқұлақтармен
улану да қауіпті болып табылады. 
Сондықтан білмейтін саңырауқұлақты ешқашан жеуге болмайды. Жеу-
ге жарамды саңырауқұлақты алдымен тазалап алады, сосын қайнатады. 
Саңырауқұлақты бір рет қайнатып алған соң ғана пісіруге, қуыруға не-
месе тұздауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет