А. Соловьева, Б. Ибраимова


§14. Дәрумендер – олардың сипаттамасы және жіктеу



Pdf көрінісі
бет52/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》

62
§14. Дәрумендер – олардың сипаттамасы және жіктеу
Адам ағзасына дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
Дәрумендер туралы не білесіңдер? Қандай өнімдерде дәрумендер болады? 
Адам ағзасына дәрумендердің жетіспеуі немесе артық болуы қалай әсер етуі 
мүмкін? 
Дәрумендер 
(витамин; лат. 
вита
– тіршілік) – тіршілік етуге қажет 
ерекше органикалық заттар. Дәрумендердің биологиялық белсенділігі 
өте жоғары. Барлық дәрумендер белгілі бір үдеріске қана емес, ағзадағы 
үдерістер кешеніне әсер етеді. Дәрумендердің көпшілігі азық-түлік 
құрамында болады (40-сурет), кейбірі ағзада синтезделеді. Ағза қалыпты 
жұмыс істеуі үшін шамамен дәрумендердің 20 түрі керек.
Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері 
Н.и. лунин
(1854–1937) 
ашты. Ол эксперименттік жолмен жануарлардың қорегінің құрамында 
нәруыздар, майлар, көмірсулар және су мен минералды тұздармен қатар, 
дәрумендер болуы керек екенін дәлелдеді. «Витамин» деген терминнің 
өзі 1912 жылы пайда болды. 
Дәрумендердің атауы латынның бас әріптерімен белгіленеді. Мыса-
лы, 
А,­В,­С,­D
және т.б. Кейде әріптердің қасына сандар жазылады. Бұл 
цифрлар дәрумендердің ашылу ретін көрсетеді. Мысалы, 
В
1
,­В
2
,­В
6
,­В
12 
және т.б.
Дәрумендер 
суда немесе майда ерігіштігіне байланысты екі үлкен 
топқа бөлінеді: 
суда­еритіндер
– 
С,­РР­
мен
­В­
тобының
­
дәрумендері және
­
майда­ еритіндер­ К,­ Е,­ Д,­ А
(кеда). Суда еритін дәрумендер, негізінен, 
өсімдіктекті өнімдерде (немесе сыра ашытқысында) кездеседі. Майда 
еритін дәрумендер көбінесе жануартекті өнімдерде болады.
40-сурет. 
Дәрумендерге бай тағамдар 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


63
Ағза үшін қажетті дәрумендердің тәуліктік мөлшері – шамамен 
180–200 мг. Олардың ағзадағы жетіспеушілігі 
гиповитаминоз
деп 
аталады. Күнделікті пайдаланатын тағамдардың құрамында қандай 
да бір дәруменнің ұзақ уақыт болмауынан 
авитаминоз
орын алады. 
Бұл кезде адамда зат алмасудың барлық түрі бұзылады. Тіршілік 
үшін қажет кез келген маңызды дәруменнің тамақ құрамында ұзақ 
уақыт болмауы зат алмасудың бұзылуына, соңында тіпті өлімге апа-
рып соғуы мүмкін. 
Дәрумендерді шамадан көп пайдалану да ағза үшін зиян. Бұл кезде 
гипервитаминоз­
орын алады. Гипервитаминоздың белгісі: құсу, іштің 
өтуі, теріде ұзақ уақыт жойылмайтын ақшыл дақ тардың пайда болуы 
және т.б. Әдетте гипервитаминоз дәрумен дерді бақылаусыз ішуге бай-
ланысты туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет