Тіршілік формалары түзуші ұлпа –
камбийдің болуына бай-
ланысты болады. Ол болмаса толыққанды сүрек, сәйкес інше ағаш
қалыптаспайды. Даражарнақтыларда камбий түзілмейді, олар тек шөп
не бұта болуы мүмкін. Тек пальмалар ғана ағаш болады. Бірақ олардың
сабақ тарында нағыз жылдық сақиналары бар сүрек қалыптаспайды.
Қосжарнақты өсімдіктердің тіршілік формалары әртүрлі: шөптер,
бұталар, ағаштар.
Даражарнақты, қосжарнақты, кіндік және шашақ тамыр жүйесі,жүйкелену,камбий,тіршілікформасы. Білу және түсіну: 1. Гүлді өсімдіктердің екі класын атаңдар.
2. Олар неліктен осылай аталатынын түсіндіріңдер.
3. «Кіндік және шашақ тамыр жүйесі» деген тер миндерді түсіндіріңдер.
4. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерге мысал келтіріңдер.
қолданылуы: 1. Жай және күрделі жапырақтардың суретін салып, сипаттама беріңдер.
2. Тұқымның құрылысы мен гүлді өсімдіктердің белгілі бір класына
жататындардың арасындағы байланысты анық таңдар.
3. Кіндік және шашақ тамыр жүйесін салыстырыңдар.
4. Жабықтұқымдылардың екі класының әртүрлі тіршілік формаларының
себептерін атаңдар.
5. Жай гүлсерігі неден тұрады, ал күрделі гүлсерігі ше?
Талдау: 1. Гүлді өсімдіктер мүшелері нің құрылысына байланысты белгілі бір
класқа жатқызылуын талдаңдар.
2. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің вегета тивті мүше-
лерінің құрылысын сызба түрінде бейне лең дер.
3. Сендерге белгілі қандай өсімдіктер даражарнақты, қайсы сы қос-
жарнақтыларға жататынын мысалдар кел тіріп дәлелдеңдер.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217