А. Соловьева, Б. Ибраимова


зейін – психикалық қызметтің (әрекеттің) белгілі бір нысанға бағытталуы. 268



Pdf көрінісі
бет207/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

зейін
– психикалық қызметтің (әрекеттің) белгілі бір нысанға бағытталуы.


268
и, й
идиотия
– олигофренияның едәуір ауыр дәрежесі.
иллюзия, алдамшы көру
– 1) шынайы затты бұрмалап қабылдау; елестету; 
2) орындалмайтын арман, ақталмаған үміт.
иммунитет
– ағзаның өзінің тұтастығын және биологиялық даралығын сақтау 
қабілеті; жұқпалы аурулармен ауырмау.
иммуноглобулиндер
– күрделі нәруыздар; антиденелердің белсенділігіне ие; 
қан сарысуында болады; иммунитеттің түзілуіне қатысады. 
иммуноциттер
– иммундық жауапты жүзеге асыратын 
(Т- және В-лимфоциттер, кейбір фагоциттер және т.б.) ағза жасушалары.
инвазиялық аурулар
– паразит-жануарлар – қарапайымдар (безгек), 
буынаяқтылар (қышыма), шаянтәрізділер, гельминттер және т.б. тудыратын 
аурулар. 
ингаляция
– дәрілік заттармен тыныс алу арқылы емдеу әдісі. 
инстинкт
, түйсік – мінез-құлықтың күрделі, тұқым қуалайтын әрекеттері-
нің жиынтығы.
инсулин
– ұйқы безі бөлетін нәруызды гормон. 
инсульт
– мидағы қан айналымның бұзылуы (миға қан құйылу және т.б.).
интоксикация
– ағзаның улы заттармен (уытпен) улануы. 
инфантилизм
– ересек адамда балалық шаққа тән дене және психикалық 
сипаттардың сақталуы. 
инфаркт
– түйілу, тромбоз және т.б. (бүйрек, миокард инфарктісі және т.б.) 
кезінде ұлпаларда қанмен қамтамасыз етудің бұзылу салдарынан жансыздану 
аймағы.
иридодиагностика
(грек. 
иридос
– кемпірқосақ) – көзінің нұрлы қабығының 
күйі бойынша адамның ауруын анықтау.
иіс сезу 
– иістерді қабылдау.
йодтау
– ауызсуды, ас тұзын және басқа да тамақ өнімдерін йод 
қосылыстарымен байыту арқылы эндемиялық зоб ауруының жаппай алдын алу 
әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет