А. Соловьева, Б. Ибраимова


Рудименттер, рудименттік мүшелер



Pdf көрінісі
бет215/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Рудименттер, рудименттік мүшелер 
– эволюция барысында өзінің 
негізгі мәнін жойған мүшелер (құйрық омыртқалары, дененің түкті жабыны, 
соқырішек және т.б.).
С
Сары дақ
– фоторецепторлардың барынша көп шоғырланған және көздің тор 
қабығындағы көру жітілігі ең жоғары аймағы. 
Сары ауру
(болезнь Боткина) – қанның құрамында билирубин пигменті 
мөлшерінің көбеюінен бауырда болатын ауру.
Сангвиник
– темперамент түрі.
Саусақ сүйектері 
– қол саусақтарының қаңқасын түзетін кішкентай 
түтіктәрізді сүйектер. 
Сәуле ауруы
– ағзаға иондаушы сәулелердің артық мөлшерде әсер еткен кезде 
пайда болатын ауру.
Секрет
– безді жасушалар өндіретін және жасайтын заттар (гормондар, тері 
майы, сүт және т.б.). 
Секреция – 
безді жасушалардың секрет түзуі және бөлуі.
Сенсорлық жүйе
– сезім мүшелерінің жиынтығы, оны кейде талдағыштар 
(анализаторлар) деп те атайды.
Сепсис
– қанның микробтармен зақымдануы салдарынан туындайтын ауру. 
Симбиоз 
– әр түрге жататын екі ағзаның бірлесіп тіршілік ету формасы.


275
Симпатикалық жүйке 
– вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Синапс
– жүйке жасушаларының бір-бірімен түйіскен жері.
Симптом
– қандай да бір аурудың белгісі. 
Систола
– қан артерияға айдалатын жүрекшелер мен қарыншалардың 
жиырылуы. 
Диастоломен­
бірге
­
жүрек қызметінің циклін құрайды. 
Склера, ақ қабық 
– тірек және қорғаныш қызметін атқаратын көздің сыртқы 
тығыз қабығы.
Сколиоз
– омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы.
Соқыр дақ 
– көру жүйкесінің көздің торлы қабығынан шығатын орны, оның 
түбінде орналасқан.
Соңғы ми
, үлкен ми – үлкен ми сыңарларын түзетін мидың ең ірі және басты 
бөлімі; мидың басқа бөлімдерінің және жұлынның қызметін басқаратын ОЖЖ-
нің жоғары бөлімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет