А. Соловьева, Б. Ибраимова


өсу гормоны (соматотропин) – гипофиз безінің алдыңғы бөлімінен түзі ліп,  ағзаның қалыпты өсуі мен зат алмасуды реттейді. өт



Pdf көрінісі
бет213/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

өсу гормоны
(соматотропин) – гипофиз безінің алдыңғы бөлімінен түзі ліп, 
ағзаның қалыпты өсуі мен зат алмасуды реттейді.
өт
– бауырдың безді жасушалары үздіксіз өндіретін сұйық секрет.
өт қабы
– ұзындығы 10–14 см, қабырғасы жұқа, алмұрт пішінді қалташық.


273
П
Панкреатин сөлі 
– ұйқы безінен бөлінетін без.
Паразиттік аурулар 
– инвазиялық аурулар.
Парасимпатикалық жүйке 
– вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Паратгормон 
– қалқанша маңы бездерінен бөлініп, қандағы кальций мен 
фосфор мөлшерінің қалыпты болуын реттейтін гормон.
Пародонтоз 
– тістерді қоршайтын ұлпалардың созылмалы ауруы. 
Паротит 
– шықшыт безінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Пеллагра
– РР (никотин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру.
Перикард, 
жүрек қабы – жүрек орналасқан берік дәнекер ұлпалы екі 
қабатты қапшық.
Периост, сүйекқап 
– сүйекқап. 
Перистальтика, толқи қимылдау 
– қуыс түтіктәрізді мүшелердің (ішек, 
асқазан, зәрағар және т.б.) қабырғаларының ішіндегі заттардың шығу тесігіне 
қозғалуына мүмкіндік беретін толқынтәрізді жиырылуы. 
Пневмония 
– өкпенің қабынуы.
Протромбин
– қан плазмасының құрамында болып, қанның ұюына қатысатын 
күрделі нәруыз.
Продуценттер, өндірушілер 
– фото- және хемосинтезге қабілетті, қоректік 
тізбекте бірінші буын болып табылатын, бейорганикалық заттардан органикалық 
заттар жасаушы ағзалар, яғни барлық автотрофты ағзалар.
Псориаз,
қабыршақты теміреткі – терінің созылмалы ауруы. Көбінесе 
шынтақ, тізе және бел зақымданады.
Пульпа, жұмсақ ұлпа 
– тістің сауыты мен түбір қуысын толтыратын тіс 
ұлпасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет