А. Соловьева, Б. Ибраимова


§12. Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы



Pdf көрінісі
бет40/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

54
§12. Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы 
Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері 
арасындағы өзара байланысты анықтау
Сүтқоректілер мен адамның асқорыту жүйесінің қандай бөлімдері бар? Олар 
қандай ретпен орналасқан? Сүтқоректілер мен адамға асқорыту бездерінің 
қандай типтері тән? 
Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. 
Асқорыту жолының бірін-
ші мүшесіне 
ауыз­қуысы
жатады (36-сурет). Онда тамақ тістер арқылы 
ұсақталып, сілекеймен шыланады және көмірсуларға ыдырайды. Соны-
мен, тамақтың дәмін сезесің. 
Тіл
– ауыз қуысында орналасқан бұлшық етті мүше. Ол жұтуға 
қатысады, тамақты сілекеймен аралас тырады және еріген заттардың 
дәмін анықтайды. 
Жұтқыншақ­
– бұлшық етті түтік. Одан
­
тамақ
­ өңешке,­
ол жерден
­
асқазанға түседі.
­
Адамның
­ асқазаны­
бір бөлімді.
­
Асқазанда 
асқазан­ сөлі
түзіледі. 
Ол тамақ нәруыздарын аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Тамақ 
асқазаннан 
ашішекке
түседі. Ашішектің бірінші бөліміне бауыр және 
36-сурет. 
Адамның асқорыту 
мүшелері
Ұлтабар
Тоқішек
Тікішек
Ашішек
Ұйқы безі
Асқазан
Өт қабы
Бауыр
Жұтқыншақ
Сілекей 
бездері
Өңеш
Ауыз 
қуысы
Аппендикс
Көкет


55
ұйқы безінің өзегі ашылады (37-сурет). Ашішекте қоректік заттар 
қорытылады да, қан мен лимфаға сіңіріледі. Бұл ашішектің ішкі бетіндегі 
микроскопиялық 
ішек­бүрлері
арқылы жүреді. 
Тоқішекте
қанға су (95%-ға дейін), дәрумендер мен минералды 
тұздар сіңіріледі. Тоқішектің басталған жері соқырішек деп аталады. 
Соқырішектің төменгі шетінде ұзындығы 8–9 см-дей құрттәрізді өсінді 
ап
-
пендикс
болады. Сүтқоректілердің соқырішегінде ферменттердің әсерінен 
өсімдік жасұнығы ыдырайды. Сонымен, тоқішекте кейбір дәрумендер 
(В тобындағы және т.б.) синтезделеді. Тоқішек тікішекпен, ал тікішек 
аналь тесігімен аяқталады. Тамақтың қорытылмаған қалдықтары аналь 
тесігі арқылы сыртқа шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет