А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет59/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Лейкоциттер
– қанның ақ жасушалары. Бұл ядросы бар және қан 
ағысымен ғана емес, жалған аяқтарымен де (амеба сияқты) қозғалатын, 
қан тамырларының арнасынан шыға алатын қан жасушалары. 1 мм
3
қан 
мөлшерінде 6–8 мың лейкоцит болады. лейкоциттер ағзаны ауру тудыра-
тын микробтардан қорғайды, 
иммунитетті­
жүзеге асырады

Сондықтан 
олар дың мөлшері жұқпалы аурулар, ауыр дене жүктемесі кезін де және 
т.б. жағдайда артуы мүмкін. 
Қанның басқа жасушалары сияқты лейкоциттер сүйек кемігінде 
түзіледі. Жетілген кезде иммундық мүшелерде қызмет атқарады. 
лейкоциттердің әртүрлі типтері айырша безде (тимуста), лимфа 
түйіндерінде, көк бауырда түзілуі мүмкін. лейкоциттердің бес типі бар, 
ал олардың пайыздық арақатынасы 
лейкоциттік­ формула
деп ата-
лады. Олар тіршілік ету мерзімі, қызметі және құрылысы бойынша 
ерекшеленеді. 
Егер лейкоцит көп бактерия сіңірсе, ол уланып, тіршілігін жояды. 
49-сурет. 
Қан жасушалары:
1 – эритроцит;
2 – лейкоцит;
3 – тромбоциттер
50-сурет. 
Адам қанының 
микрофотосуреті
Қызыл денешіктер – эритроциттер,
ағы – лейкоциттер. Жасушалар ара сында 
тромбоциттер де бар
алдыңғы жағынан
қарағанда
қырынан
қарағанда


79
Тромбоциттер
– қанның ұю үдерісіне қатысатын, ядросы жоқ, ұсақ 
қан пластинкалары. 1 мм
3
қандағы мөлшері 180–400 мың. 8–11 тәулік 
тіршілік етеді де, бауырда, көкбауырда немесе тромб түзілген кезде 
тіршілігін жояды. 
Тромб
ерімейтін нәруыз – фибриннің жабысып қалған 
жіпшелерінен түзіледі, ол қан плазмасының еритін нәруызы – 
фибрино-
генге­
айналады.
­
Қан тамырының жарақаттанған жеріне жабысып қалған 
фибрин жіпшесіне ірі эритроциттер, сосын қанның басқа да жасушалары 
тұрып қалады. Сондықтан тромб қызыл түсті болады. Қалыпты жағдайда 
ол 3–4 минутта түзіледі. 
Қанның ұю үдерісі өте күрделі. Оған тромбоциттерден басқа 
кальций­
тұздары,­ плазма­ нәруызы­ –­ фибриноген­
жә не т.б.
­
қатысады. Кез кел-
ген ұю құрамбөлігінің біреуінен айырылған қан ұйымайтын болады. Қан 
құю станциясында 
кальцийсіздендірілген­
(кальцийінен айырылған) және 
дефи­бриляцияланған
(фибриногеннен айырылған) қан қол да нылады. Ол 
сұйық болып қалады, қоюланбайды, яғни ұйымайды.
Гемофилия­
– сирек кездесетін, қан ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру. 
Ол плазма құрамында гемофилияға қарсы фак тор (ұю нәруыздарының 
бірі) болмауынан туындайды. Қазіргі кезде гемофилиямен ауыратын 
адамға бұл нәруызды жасанды түрде енгізеді. 
Қан,­ плазма,­ физиологиялық­ ерітінді,­ эритроциттер,­ тромбо-
циттер,­лейкоциттер,­гемоглобин,­қаназдық­(анемия),­жалған­
аяқтар,­лейкоцитоздық­формула,­тромб,­фибриноген,­гемофилия.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет