А. Соловьева, Б. Ибраимова


Түрлі ағзалар қанының формалы



Pdf көрінісі
бет192/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Түрлі ағзалар қанының формалы 
 
элементтерін зерттеу 
Жұмыс­мақсаты
: дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағза лар 
қанының формалы элементтерінің құры лысының ерек шеліктерін зерт-
теу. 
Құрал-жабдықтар:
микроскоп, адам, бақа, құс, лама немесе түйе, 
қоян қанының дайын микропрепараттары; егер дайын микропрепарат-
тар болмаса, олардың кез келген тасымалдаушыдағы (электрондық, 
полиграфиялық) сурет тері. 
Жұмыс барысы
1. Дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қараңдар. Микро-
препараттардан қанның барлық жасушалары көріне ме? 
2. Егер дайын микропрепараттар болмаса, әртүрлі ағзалардың 
қанының жасушаларының суреттерін қараңдар. Мынадай тапсырма 
сұрақтарына жауап беріңдер.
Адам 
қаны
Бақаның 
қаны
Жылқының қаны
лейкоциттер
эритроциттер
тромбоциттер


252
– Қан жасушаларын қарап, олардың пішіндері мен түстерін 
анықтаңдар. Жалпы қандай жасушалар көп? 
– Бір-біріне қатысты жасуша өлшемдері қандай? Оқулықтағы сипат-
тамасымен салыстырыңдар. 
– Эритроциттерді қараңдар. Қандай ағза эритроциттерінде ядро бо-
лады?
– Әртүрлі ағзалардың лейкоциттерін қараңдар. Айыр машылықтарын 
көрдіңдер ме?
– Адам лейкоциттерінің әртүрлі типтерін ажырата ал дыңдар ма? 
Зертханалық жұмыс қорытындысы ретінде қан жасушаларын: 
1) пішіні, 
2) мөлшері; 
3) жасуша саны;
4) ядросы бойынша салыстырыңдар. 
№7­зертханалық­жұмыс­
Денешынықтыру жаттығуларының 
 
жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Жұмыс­мақсаты:
жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесі-
нің арасындағы өзара байланысты анықтау. 
Құрал-жабдықтар:
оқулық, секундомер немесе секундтық тілі бар 
сағат. 
Жұмыс барысы
1. Тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу 
әдістемесімен танысу. 
Пульс­
(лат. 
пульсус
– соғу, соққы) – 
жүректің сол жақ қа рыншасының жиыры-
луына бай ланысты артерия қабырғасы ның 
ырғақтық тербелісі. Жүрек жиырылғанда 
қан жоғары қы сым мен, күшпен ұлғаятын 
қол қаға айдалады. Қолқа қабырғасы тербеле 
бас тайды. Сосын тербеліс артерия қабырғасы 
бойынша тез таралады. Бұл тербеліс 
тамырдың­ соғуы
деп аталады. Білезіктің 
іш жағына, мойынды екі жағынан, самайды 
53-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет