Топ: 205 Орындаған: Дюсембек Арна Сауқымбек Талшын Утемуратова Айдана Тексерген



Дата20.11.2023
өлшемі75,99 Kb.
#192003
Байланысты:
толық адам.сөж
Білім беру кызметтерін корсету шарты, Отсканированные документы, сөж 4 (копия), 3-дәріс, 3-дәріс, 3-дәріс, Аралық бақылау 1, processing of multimedia information 2

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


СӨЖ
Тақырып: «Толық адам» концептісі және оны мектепте жоғары сыныптарда оқытудың негіздемесі
Топ: 205
Орындаған: Дюсембек Арна
Сауқымбек Талшын
Утемуратова Айдана
Тексерген: Панзабек Бағила


«Толық адам» концептісі және оны мектепте жоғары сыныптарда оқытудың негіздемесі

Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, философы, аудармашысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы. Ұлы ақынның әрбір сөзінде терең мағына, философиялық ой жатқандығы әркімге мәлім. Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін» - деген екен. Бұл ретте «Абайтану» пәнін оқытуда «толық адам» ілімін танытып, оқушы бойында тұлағалық қасиеттерді қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Алдымен, ұлы ақын неге «толық адам» іліміне келді деген сұраққа жауап іздеп көрелік.


ХІХ ғасыр – Ресей патшалығының қазақ даласын отарлауының күшейген кезі. Ел билігіне болыстық жүйенің енгізілуі – қазақ халқының мінез-құлқына үлкен өзгерістер әкелді. Ел адамдарын бір-біріне айдап салу, ортаға майлы жілік тастап, билікке таластырып қою (болыстық сайлау), содан туындап жататын әр алуан жағымсыз мінездерді одан сайын күшейту, пара беру мен пара алу, күншілдік пен арыз жазу, жағымпаздану, сатқындық, берген парасын елден үстемелеп қайтарып алу үшін жаныға жанталасып, түрлі әрекеттерге бару – өзге де толып жат­қан ұсақтану мен ұлттық рухтан айырыла бастауды Абай өз заманында терең сезінді. Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде уақыт, қоғам шындығының бет-бейнесі көрінеді. Жағымпаз, иілімпаз болыс – ел қамын ойлайтын тұлға емес. Жеке басы үшін халық, ұлт мүддесін ойланбай сатып жіберетін пақыр. Ел тұтқасын ұстаған адамдар осылай азғындаса, ел болашағы не болмақ? Отаршылдықтың дендей еніп жатқан осындай сұмдықтарына қандай тосқауыл қоюға болады? Халық­ты жамандықтан сақтап қалудың жолы қандай? Отаршылдықтың бетін қайтарып тастайтын қазақ даласында күш жоқ. Ондай күшті ұлы ақын таба алмады. Міне, осы ретте Абай халықтың берік сенімі мен мықты рухы ғана өзін сақтап қалатынын түсінді. Ол үшін халықты, жас ұрпақты соған бағыттайтын ілім қажет деп ойлады. Абай шығыс философиясына ден қоя отырып, оны өз тарапынан толықтырып, тереңдетті.
Ғасырлар бойы дүниежүзінің атақты философтары мен ойшылдары адамның жаны, мінезі, ішкі дүниесінің тепе-теңдігі жайлы зерттеулер жасап, ой қозғаған. Тұлға бойындағы жағымды-жығымсыз қасиеттер туралы еңбектер жазған. Сондықтан, ең алдымен, оқушылар бұл ілімнің көнеден бастау алғандығын түсініп білуі керек. Абай сусындаған үш бұлақ: қазақ ауыз әдебиеті, Шығыс қаламгерлерінің туындылары және орыс әдебиеті. Сондықтан «толық адам» ілімінің тамыры тереңде екені сөзсіз.
Абайдың дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» нақтыланады. Әлбетте, оқушылар, бүгінгі студенттер Абайдың бұл ғибратын мектеп қабырғасынан жаттап өседі. Бірақ бұл жеткіліксіз, әрбір жас өзінің дүниетанымының қалыптасуында Абай айтқан «жанның пайдалы тамағымен» сусындауға саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам жолына түсе алады.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, - дей келе Абай бес асыл іс пен бес қашық болатын істі ашып көрсетеді. Ең алғаш «толық адам» ілімінің бастауы осы «Ғылым таппай, мақтанба!» өлеңі. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» - адам бойында болмауы керек мінездер. Оқушылар осыларды талдай келе, күнделікті өмірден мысал келтіреді, бүгінгі қоғамдағы көріністермен салыстырады. Өз ойларын білдіріп саралайды. «Оған қарсы тұрар адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек?» - дегенде, бірден бойында талабы бар, еңбекқор, терең ойлы, қанағатшыл, рақымшыл адам екендігін жарыса айтады. Осы аталған қасиеттердің көрінісін де талқылайды, ойлайды. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп Абай адам бойында тепе-теңдікте ұстау керек үш қасиетті айтады. 17 қара сөзінде де, қайрат, ақыл, жүрек дауласа келе ғылымға жүгінеді. Осы айтылған өлеңдерін, қара сөздерін салыстыра отырып оқысақ адам бойындағы жақсы- жаман мінездерді өзі билеп, көкірек көзін біліммен ашқан адам ғана «толық адам» бола алатындығын Абай байыппен, дәлелді сөзбен келтіргенін көреміз.
ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
Қазіргі кезде сабақта жаңа технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Заманауи жаңашыл технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютерлік сабақтар өткізумен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалуда және жасалып та жатыр.Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қолданады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Осыған сәйкес,«Толық адам» концепциясын оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, негізгі тақырыпты оқытудың тиімді түрлерін былайша топтастыруға болады:
1. Баяндау әдісі, түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
2. Кітаппен жұмыс әдісі.
3. Көрнекілік әдісі.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.
5. Жаттығу әдісі.
Іс жүзінде осы жоғарыда аталған әдістің түрлерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім беруге болады.
Ақынның ілімін үйретуде мектеп қабырғасында бірнеше жұмыстар жүргізілуі керек деп түсінеміз. Жоғарғы сыныптарда Абай тағылымын түсіндіруде ең басты жұмыс ақынның өлеңдері мен ғақлияларының мәнін аша отырып, оқушылармен талқылау жұмыстарын жүргізу. Оқушы түсінігіндегі «толық адам» кім, оны қалай қалыптастыратындығын тани отырып, оның ақын ұсынған «толық адамымен» ара жігін ашып, салыстыру. Ұлы ғалымның болашақ ұрпаққа қалдырған қанатты сөздерінің әр сыныптың қабырғасында ілініп тұруы жастарға үнемі көзайым болып, жақсылыққа, өнер-ғылымға бағдар болып тұра алатындығына сеніміміз мол. Осы орайда «Абайтану» пәні міндетті пәндердің қатарына қосылса, оқушылар танымы кеңи түседі деп ойлаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





  1. https://adebiportal.kz/upload/iblock/6bd/6bd6307110a51a7d13f44535cda3fe89.pdf 36-37б

  2. https://massaget.kz/blogs/27763/

  3. https://daryn.online/article/729

  4. https://atamuraweb.kz/?product=6-%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BF-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B-%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет