А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет48/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Тимур: Мамуля, рас па?
Қамажай: Рас, рас.
Тимур: Ал, біз ше?
Қамажай: Бізі несі? Онда не болушы еді?
Тимур: Біз дегенім... ім... ім-м.
Қамажай: Әй, сендерге не болған? Сөздеріңде береке жоқ қой. Бір нәрсені бүлдіргеннен саусыңдар ма?
Тимур: Мамуля...Біз... мен үйленемін.
Қамажай: Үйленемін?..
Сұлтан: Иә, үйленеді.
Нәзила: Осыған жетіп тындым де... Қош бол, бостандық!
Қамажай: Кімге?
Тимур: Камаға.
Пауза.
Нәзила: «Котенок мой хороший. Котенок мой курящий».
Тимур: Наз! Дәл қазір қалжыңдайтын ретің жоқ. Қойсаңшы!
Қамажай: Мен... мен не дейін. Бақытты болыңдар. Бірақ...
Тимур: Мамуля. Ом. Наз. Гауһар – сен де. Сендер, немене, менің үйленгеніме қуанбайсыңдар ма? Бәрі құшақтап... былай... бетімнен сүйіп, құттықтайтын шығар деп алып-ұшып келсем... Қайғылы хабар естігендей тұнжырадыңдар да қалдыңдар. Мен сендерге бөтенмін бе? (Білегіне маңдайын қойып, қабырғаға сүйенеді).
Қамажай (көзіне жас алып): Теміржан, қой, мұңайма! (Келіп оны құшақтап, маңдайынан сүйеді). Сені... сені бөтен деп... Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады...
Тимур (басын көтермейді): Менің Госстрахта ақшам бар...
Қамажай: Госстрах?
Нәзила: Вот страховшик! Зәлімін қарашы-ей өзінің.
Қамажай: Теміржан, көтер басыңды. Иә, жөнделіп тұр. Тоқтатыңдар күлкіні. Енді, ағаңның алдына бар. Ең әуелі соның рұқсатын алуың керек.
Тимур: Мен өзім де... солай етейін деп едім. Батылым жетпеді. (Омарға жақындайды). Ом, рұқсат бересің бе?
Омар (галстугын түзеп): Ім...мм... Семья – кіші-гірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Семья басшысының бойында ұстамдылық, көргендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша, семья басшысы нәзік дипломат болғаны да жөн. Егер осы қасиеттер...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет