А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Тимур: Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің емес пе? Омар



бет49/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Тимур: Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің емес пе?
Омар: Егер осы қасиеттер адам бойында қалыптасқан болса...
Тимур: Қалыптасқан.
Сұлтан: О-о, қалыптасқан, қалыптасқан. Үш айлық болды!
Омар: А?.. мұндай жағдайда, мен өз тарапымнан інімнің үйленуіне рұқсатымды беремін.
Сұлтан: Ура, жолдастар!
Нәзила: Гип-гип, ура!
Қамажай: Сұлтан-ау, сонда, той қашан болмақшы. Асығыс емес пе, әйтеуір?
Сұлтан: Жоқ, асығыс емес. Дайындалуға уақыттарыңыз бар. Бес күннен соң.
Қамажай: Бес күннен соң?! Ойбай-ау, асығыс болғанда қандай болмақшы сонда? Енді қайттім? Дайындалу керек, оны-мұны сатып алу керек... Ертең жұмысқа шығатын едім...
Нәзила: Бір күнге сұранасыз да.
Қамажай: Шықпай жатып па? Қызық болды-ау, өзі. Телефон соғып ескертейін десем, әлі ешқайсысын да танымаймын. Ертең ерте тұрып барып айтармын енді.
Сұлтан: Сонымен, ертең автобустар кондукторсыз жұмыс істейді.
* * *
Түн. Бақ ішіндегі сәкіде Қабен отыр. Сағатына қарайды. Темекі тұтатады. Орнынан тұрып, әрі-бері жүреді. Қамажай Қабенге келеді.
Қабен: Япыр-ай, сен, шынымен, келдің бе?
Қамажай: Көріп тұрсың ғой.
Қабен: Кейде өз көзіңе сенгің келмейтін кезің болады екен. Сені көрмегелі қашан. Осы күндердің бәрінде де менімен бірге болдың, Қамажай. Айтшы, сен мені ойладың ба?
Қамажай: Қолым тимеді.
Қабен (күліп): Міне, тамаша! Ойлағың келіп еді, бірақ қолың тимеді. Егер қыруар жұмыстан сәл ғана қолың қалт етсе, мені ойлайтын едің ғой, солай ма?
Қамажай: Тіпті, ол да мүмкін.
Қабен: Маған осы да жетеді. Мен үшін бұл сөз «сүйемін» деп мың рет айтқаннан да қымбат.
Қамажай: О, о-о! Сен тіпті, алқына сөйлеп, алыстап барасың ғой. Егер: «Қолым қалт еткенде сені ойлауым да мүмкін», - деген сөзім «сүйемін» деген сөзден мың есе қымбат боп көрінетін болса, онда бар ғой, мен еш уақытта қолымды қалт еткізбеуге тырысамын.
Қабен: Тамаша! Айта бер, сен қандай сөз айтсаң да, тыңдай беруге дайынмын. Мұнда кеп отыршы. Қамажай, мен бар ғой, мен... қалай айтсам екен... «Жақсы көремін» десем, жұрттың бәрі солай дейді, «сүйемін» десем, оны қазір екінің бірі айтатын болды. Сенің... сенің жұлдызың менімен егіз жаралған сияқты. Сен болмасаң, мен өзімді жалғыз қалған жетім баладай сезінемін. Сенесің бе осыған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет